{metadescription}
Бүтін бір ауыл мектеп пен балабақшадан қол үзуі мүмкін – Алматы облысы
Бүтін бір ауыл мектеп пен балабақшадан қол үзуі мүмкін – Алматы облысы

Бүтін бір ауыл мектеп пен балабақшадан қол үзуі мүмкін – Алматы облысы

Алматы облысында бүтін бір ауылдың тұрғындары балаларын мектеп пен балабақшаға апара алмай қалуы мүмкін. Себебі: келесі елдімекендегі білім беру мекемелеріне жеткізетін негізгі жол жабылады. 

Онда Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы жүріп жатыр. Онсыз да күн сайын Кемертоғанға қарай сабылған 21-інші шағын ауданның тұрғындары жол жабылса қалай қатынаймыз деп ашынады.Әкімдік пен автокөлік дәлізін салып жатқан жауаптылардан күре жолға қосылатын көшені қалдыруын сұрайды.

Қарасай ауданындағы «21» деп аталатын шағынаудан тұрғындарын Кемертоғанға апарар жалғыз жол. Халықтың ол елдімекенге бармасқа амалы  жоқ. Өйткені дәріханадан бастап, мектеп пен балабақша сонда орналасқан. Енді Үлкен Алматы айналма жолының кесірінен жалғыз жүріп өтер жолымыздан айырылғалы тұрмыз деп қапалы. 

Уәлихан Тайырбеков, Алматы облысының тұрғыны:

Міне, артыңызға қарасаңыз, сетка. Одан өтсең, арық. Одан өтсең, БАКАД. Қазір біздің аурухана, полиция, балабақша – барлығы осы жолдың арғы бетінде. Жолды жауып жатыр. Балалар мектепке, балабақшаға бара алмайды. Басқа жол жоқ.  

Үлкен айналма жолдың құрылысы үш жыл бұрын басталған. Содан бері бұл елдімекен тұрғындарының берекесі қашқан. Екі ауылды байланыстырып тұрған жалғыз жол жабылса, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметі де кіріп-шыға алмайды дейді.

Шынаркүл Асанова, Алматы облысының тұрғыны:

- Мысалы, мен астма болып ауырамын. Аяқ астынан жедел жәрдем керек болады. Еш көлік келмейді. Жолымызды жауып тастап жатыр. Сонда біз қалай күн көреміз?! Әйтпесе «Алтын орданы», бақандай 30 км қайта айналып келуге тура келіп тұр.

Ашуға булыққан жұртшылық бүгін құрылыс басына барып жолды жаппақшы болыпты. Оны естіген әкімдік өкілдері мен үлкен айналма жолдың құрылысына жауаптылар арнайы келіп, мәсенің шешілетініне уәде етті. 

Абылай Ысқақов, Іргелі ауы округінің әкімі:

- Үлкен айналмалы жолдың шығыс жағында қалған халықты батыс жағына жол сұрап жатыр. Қазір үлкен айналмалы жолдың басшыларымен сөйлесіп, уақытша үлкен айналмалы жол ашық болады. Мектепке,  амбулаторияға халық жүре береді. Жылдың соңына дейін уақыт алдық. Жылдың соңына дейін Рысқұлов көшесін осы жақтан бастап, батыс жағына қарай құрылысын жүргіземіз деген ойдамыз.

Осылайша аталған жобаға жауаптылар тұрғындарға әзірге байбалам салып шу шығаруға еш негіз жоқ деп отыр. Үлкен айналма жолдың құрылысы аяқталған күннің өзінде дәл қақ ортасынан «жол ашып береміз» дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.