{metadescription}
Петропавлдағы жерасты суынан мұнай анықталды
Петропавлдағы жерасты суынан мұнай анықталды

Петропавлдағы жерасты суынан мұнай анықталды

Петропавлдағы жерасты сулары бекерге жанбайтын болып шықты. Құдықтан алынатын су құрамында мұнай бар екені анықталды. Енді экологтар оның қайдан құйылғанын тексеруге кірісті.

Азамат Бектасов, СҚО экология департаментінің басшысы:

Көрсеткіштер бізде мұнай өнімдері бар екенін дәлелдеп тұр. Сонымен қатар санитарлық қорғау тарапынан өздері сынама алды. Олар қазір жұмыста. Одан кейін біз нәтижесін бірге алмастырып, ластауыш көзінін тапқаннан кейін тиісті шара қолданылады.

«Ромашка» саяжайының тұрғындары соңғы кездері құдықтағы бау-бақша суаратын судың өңі өзгеріп, иістеніп кеткенін айтып шу шығарған. Тіпті 10 метр тереңдіктен алынатын суды тұтанғанда қорқып кеткен. Өйткені суға шоқ тисе. жарылыс бола ма деп қауіптенді. Тұрғындар су құрамында мұнай қалдығы болуы мүмкін екенін әрі ол жақын маңдағы жанармай құю бекетінен келгенін меңзеген. Бірақ жанармай станциясының басшылығы өздеріне шаң жуытпай қойған. Дегенмен халықтың күдігі расталған. Суға не бензин, не дизель араласқан. Мамандар тез арада оның қайдан пайда болғанын анықтауға тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.