{metadescription}
Жаркенттегі қылмыс: Қызды бірнеше азамат зорламаған
Жаркенттегі қылмыс: Қызды бірнеше азамат зорламаған

Жаркенттегі қылмыс: Қызды бірнеше азамат зорламаған

Топтасып зорлады деген ақпаратты құзырлы органдар жоққа шығарды! Жетісу облысында жантүршігерлік қылмыс жасаған күдіктіні қазір полицейлер тергеп жатыр. 38 жастағы жергілікті тұрғынға кәмелет жасына толмаған қыз баланы зорлау және өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Думан Алтынбекұлы, Жетісу облысы әкімі баспасөз хатшысының міндетін атқарушы:

- Кінәсін мойындаған күдіктіге заң аясында қатаң жаза қолданылады. Ал жекелеген әлеуметтік желілерде «қызды ұлты басқа бірнеше азамат зорлап өлтірді» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл жерде ұлтаралық мәселенің де еш қатысы жоқ. Жалпы Панфилов ауданында жағдай тұрақты.

Асқан айуандықпен 15 жастағы қызды азаптап өлтірген күдіктінің осыған дейін де ұқсас қылмыс жасағаны үшін істі болғанын полиция растап отыр. 

Шолақай ауылының оқушысы Құралай Қисабекова 21-шілде күні кешкісін құрбысының үйіне қарай шығып із-түзсіз жоғалып кетеді. Араға тоғыз күн салып оның мәйіті табылды. Күдікті алдымен бойжеткенді зорлап, кейін қылмыстың ізін жасыру үшін пышақтап өлтіріп, денесін өртеп жіберген. Қылмысқа барған азамат сол ауылдың 38 азамат алдымен оқушыны зорлап, кейін қылмыстың ізін жасыру үшін пышақтап өлтіріп, денесін өртеп жіберген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде