{metadescription}
Суға кеткен әкім–Атырау облысы
Суға кеткен әкім–Атырау облысы

Суға кеткен әкім–Атырау облысы

Атырау облысында суға кеткен Махамбет ауданының әкімі Ринат Жаңқылышовтың денесін іздестіру әлі жалғасып жатыр. Сүңгуірлер Жайық өзенінің шенеунік суға түскен жерін таңнан бері сүзіп жүр.

40 жастағы Ринат Жанқылышов  Жайық өзенінің Ортақшыл ауылынан өтетін тұсына суға түскен. Оның батып кеткені жайлы ақпарат құтқарушыларға кеше кешкі сағат сегіз жарымда түсіпті. Төтеншеліктердің айтуынша, ол Жайықтаң шомылуға рұқсат етілмеген жеріне түскен. Ол жалғыз немесе қасында адам болған -болмағаны айтылмады. Іздестіру жұмысы таңғы сағат алтыдан  басталды. Сүңгуірлер мен қайықтағы құтқарушылар содан бері бір тынған жоқ. Оқиға орнында Атырау облыстық төтенше жағдайлар қызметінің  басшылығы мен полицейлер жүр.  

Бақыт Абланов, Атырау облысы ТЖД азаматтық қорғау басқармасының бастығы:

Оқиға орнында төтенше жағдай департаментінің 10 қызметкері, жергілікті басқару орынарынан 10 адам, 10 полицей және оның туған-туыстары мен жақындарынан құралған 40 шақты адам бар. 10 арнайы техника тартылды. Оның екеуі жүзу құралдары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде