{metadescription}
0:000:00
«Қазфосфат» зауытына 5 миллион теңге айыппұл салынды

«Қазфосфат» зауытына 5 миллион теңге айыппұл салынды

Тараздықтарды көк түтінмен улаған «Қазфосфат» зауытына 5 миллион теңге айыппұл салынды. Кәсіпорынға жоспардан тыс тексеріс жүргізген экологтар бес заңбұзушылықты анықтаған. 

Сорақысы – кәсіпорын апатты жағдай болған кезде тиісті орындарға дер уағында хабар бермеген. Оған өоса цехтің сорғысы істен шыққан сәтте түтінді мұржаға жібермейтін автоматты бұғаттау тетігі болмаған деседі. Соның салдарынан бір тонна күкірт триоксиді ауаға тараған. Және фторлы сутегінің мөлшері қалыпты деңгейден 7 жарым есе артқаны анықталған. Департамент осындай олқылықтары үшін мекемеге қомақты айыппұл белгілеген.

Осыдан бір ай бұрын минералды тыңайтқыштар өндіретін зауытта техногенді апат болып, улы газ ауаға тарап кеткен. Салдарынан тұрғындардың көзі жасаурап, тынысы тарылып қиналған.

Арсен Латыпов, Жамбыл облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:

- Экология департаменті зауыттың кінәлі екенін дәлелдеп отыр. Яғни кәсіпорын күкірт триоксидін шамадан тыс таратып, қоршаған орта мен халыққа залалын тигізді. Ал тұрғындар зардап шеккендерін дәлелдесе, тиісті орындарға шағым түсіруіне болады. Сол арқылы өтемақы ала алады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде