{metadescription}
Қарағанды облысында жүк көліктер апатында екі адам мерт болды
Қарағанды облысында жүк көліктер апатында екі адам мерт болды

Қарағанды облысында жүк көліктер апатында екі адам мерт болды

Қарағанды облысында екі жүк көлік бетпе-бет соғылып, екі адам тіл тартпай кетті. Соққының қатты болғаны соншалық, мыжылған көлік кабинасынан өлі денелерді алып шығу қиынға соққан.

- Газ бен Шахман, осындай авария болды, ішінде бір кісі жатыр, екі адам насмерть кетті дейді. Құдай сақтасын.

Теміртаудан Қызылқайың ауылына барар тас жолдағы апат тал түсте болған. Алдын ала болжам бойынша, 31 жастағы жігіт тізгіндеген қытайлық Шахман көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, құм тиеп келе жатқан ГАЗ 53 көлігін бетпе бет ұрады. Соққының қаттылығынан жүк көлігі ГАЗ 53-ті  бұйым құрлы көрмей, 10-15 метрге дейін сүйреген. Құм тиеген көліктің кабинасы жапырылып қалған. Ішінде 38 жастағы жүргізуші мен оның 21 жастағы жолаушысы тіл тартпай кетті. Ортасында отырған алты жастағы бала  түрлі жарақатпен аурухана жеткізілді. 

Қылмыстық іс қозғалды. Ал полицейлер әсіресе биыл Қарағанды облысында жол көлік апатының жиілегенін айтады.

Құрманғали Ысмағұлов , Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары:

Биыл жеті айда облыс жолдарында 224 жолкөлік оқиғасы орын алып, 99 адам қаза болып, 258 адам түрлі жарақат алды. Оның ішінде 43 жол-көлік оқиғасы балалардың қатысуымен болды. Жеті бала қаза болып, 51-і жарақат алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.