{metadescription}
Балабақшада балаларға тамақ жетпей жатыр – СҚО
Балабақшада балаларға тамақ жетпей жатыр – СҚО

Балабақшада балаларға тамақ жетпей жатыр – СҚО

Солтүстік Қазақстан облысында балабақшаға тамақ жетпей жатыр. Бағаның қымбаттағаны соншалық, азық-түлікпен қамтамасыз ететін серіктестік мектепке дейінгі мекемемен жұмыс істеуден бас тартқан.

Ата-аналар нан мен сүтті, басқа да тағамды өзі әкеліп тұруға дайын. Жұмысбасты болғандықтан, тек балабақшаны жаппаса екен дейді. Бірақ мемлекеттік мекеме мұндай көмекті ала алмайды. Заң бойынша рұқсат жоқ. Ал балабақша қызметкерлері ертеңнен бастап балалардың түскі асына не берерін білмей отыр.

Новомихайловкадағы балабақша 90-шы жылдардағы тоқыраудан да аман-есен өткен. Соңғы 15 жылда тіпті балаларға орын жетпей жатады екен. Бір айтарлығы, ауылда бос жүрген адам жоқ. Жергілікті шаруашылық тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр. Ата-аналар балабақшасыз қалудан қорқады.  Бірақ қызметкерлер ертең балақайларды қалай тамақтандыратынын  білмей дал. Мұздатқышта екі грамм тауық еті мен дәл сонша балық қалған. Ал жеміс, көкөніс деген мүлдем жоқ.

Татьяна Гриценко, «Арай» балабақшасының мейірбикесі:

- Балалар денсаулық сақтау министрінің бекіткен санитарлық  межесі  бойынша тамақтануы қажет. Яғни ет, сүт өнімдері, жұмыртқа, кондитерлік, балық өнімдері мен түрлі жарма міндетті түрде болуға тиіс. Сондықтан осы тағамдар толық болмайынша, біз ас мәзірін жасай алмаймыз.

Аудандық білім бөліміндегілер жағдайды ретке келтіруге тырысып жатқанын айтады. Жоғары жақтағы басшылардан азық-түлікпен қамтамасыз ететін компанияларға бағаны өсіммен бекітуді сұрапты. Сондай-ақ жергілікті шаруашылықтан да көмек күтетінін жасырған жоқ.

Мұрат Ташмағанбетов, Мамлют ауданы білім бөлімінің басшысы:

- Азықтүлікпен балабақшаны қамтитын компания келісімшартты орындаудан бас тартқанын облыстық білім басқармасына жеткіздік. Бұл мәселе қарастырылып жатыр, шешімін табуға тиіс.  Келісімшарт қайта қарастырылып, өзгеріс енгізіледі деп күтіп отырмыз. Уақытша жергілікті серіктестік көмекке келетін болды.

Ольга Комиссарова, Новомихайловка ауылының тұрғыны:

Тіпті болмай жатса, ақша қосып, бірігіп азық түлік алуға дайын екенімізді айттық. Бірақ санитарлық меже бойынша олай болмайды деді. Сол компания жеткізіп, азық түлік бағасын біз соларға төлеуге де әзірміз. Балабақшамыз жұмыс істеп тұрса болды.

Азық-түлік жеткізушіге келісімшарттағы баға қаншалықты өзгереді, жақын арада мәселе шешіле ме, жоқ па, ол жағы белгісіз. Оны облыс білім басқармасы да айтқысы келмей отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде