{metadescription}
КТК арнасы экстрасенс хикаяларын ұсынады – Закира
КТК арнасы экстрасенс хикаяларын ұсынады – Закира

КТК арнасы экстрасенс хикаяларын ұсынады – Закира

КТК арнасының алдағы күзде көрермендеріне арнаған тосынсыйы көп. Соның бірі – «Закира» сериалы. Телехикая жауыр болған махаббат машахаты мен отбасы тауқыметі емес, суға қарап болашақты болжайтын экстрасенстің хикаялары туралы болмақ. Мамыр айында басталған жаңа жобаның түсірілімі әлі де жалғасып жатыр. Премьерасы күзге жоспарланған.

Сериал кеме апатынан кейін ерекше қабілетке ие болған Закира жайында. Мүгедектер арбасына танылған көріпкел өмірде кездесетін зұлымдықпен күресіп, адамдардың басына түскен қауіп-қатердің алдын алуға тырысады. Ал оның көмекшісі – ұлы мен Нұрай есімді жетім қыз. Ол рөлді Фариза Ещанова сомдайды.

Фариза Ещанова, актриса:

- Менің кейіпкерім – Нұрай. 23-25 жасар қыз. Мен өзім анамын. Сондықтан да маған қиынырақ, ана болған соң. Осында келген кезде 23-25 жастағы қыздың кейпін сомдау керек болады. Көмекшісі болғандықтан, бүкіл оқиғаны ашып, және де халыққа адасып кеткен, яғни жол таба алмай жүрген адамдарү Олар Закираның көмегімен,  яғни көріпкелдік қасиеті арқылы осы Нұрай да көмектесуге бір себепкер болады.  

Тылсым күштің сырын Закира су бетіне шыққан бейне арқылы баяндайды. Ерекше қасиетке ие кейіпкерге көрінетін құбылыс әр бөлім сайын өзгеріп отырады. 80 серияда 80 түрлі жағдайға тап болған тағдырдың күрмеленген жібі тарқатылады.

Бір серияда бір оқиға толық көрсетіліп аяқталады. Ең негізгі басты үш кейіпкеріміз бар. Олар өзгермейді. Ал басқа актерлердің құрамын жаңартып отырамыз. Шытырман оқиғаға толы картинадан халық көптеген тың ақпарат алып, тылсым күштің сырына қанық болады.  

Телесериалдың түсірілімі аяқталуға жақын. Мистика детективтің тұсаукесері күзге жоспарланып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде