{metadescription}
Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваның ісіндегі күдікті 15 жылға сотталды
Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваның ісіндегі күдікті 15 жылға сотталды

Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваның ісіндегі күдікті 15 жылға сотталды

Былтыр Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваның ісі бойынша қамауға алынған жалғыз күдікті 15 жылын абақтыда өткізеді. Бүгін елорда соты Мұрат Мейірбековке осындай үкім шығарды. Ол «адам саудасы» және «зорлау» деген екі бап бойынша айыпты деп танылған.

Прокурорлар да соттан бір жылдан бері түрмеде отырған Мейірбековті 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сондай-ақ марқұм Әсел Айтбаеваның әке-шешесіне бес-бес миллион теңгеден өтемақы беруді талап еткен болатын. Судья оны қанағаттандырды. Сот залына судьядан бөлек, жәбірленуші мен қорғаушы тарап қана кіргізілді. БАҚ өкілдері үкімді онлайн форматта тыңдады.

Былтыр сәуір айында Мұрат Мейірбеков Әселді Грузиядағы көлік сататын салонда жұмыс істеуге шақырады. Бүкіл жол шығынын көтеріп, марқұмды Тбилисиге жеткізген. Бір апта өткен соң, сол жердегі көпқабатты үйдің терезесі астынан 26 жастағы жерлесіміздің денесі табылады. Грузия полициясы Әселді зорлады, өзін-өзі өлтіруге мәжбүрледі деген күдікпен 56 жастағы Бесик Тордуаны ұстаған еді. Алайда басты күдікті бірнеше айдан соң түрмеде қайтыс болды. Айтбаевтар отбасы қызының өліміне туысы Мейірбековті де кінәлап, бір жылдан бері әділдік іздеп шарқ ұрған-ды. Бүгінгі үкіммен олар келісіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде