{metadescription}
Орталық Қазақстаннан табылған бірегей қазан құнды мәліметке толы
Орталық Қазақстаннан табылған бірегей қазан құнды мәліметке толы

Орталық Қазақстаннан табылған бірегей қазан құнды мәліметке толы

Қарағанды археологтары біздің заманымызға дейінгі 2 жарым мың жыл бұрынғы дәуірге жататын бірегей олжа тапты. Олар Талды тарихи археолоогиялық паркінен табылған іші ат әбзелдеріне толған қазанды зерттеу көптеген құнды мәлімет беретініне сенімді.

Иілген үш аяқты, мыстан құйылған жәдігер Орталық Қазақстанда табылған алғашқы қазан. Ол хан ордасынан 200 метрде қорғандардың ішінде емес, бөлек көмілген екен. Мұндай қазандар көбіне Жетісу өңірінен табылатын. Археологтар бұл сақ дәуірінде орталық пен оңтүстік елі арасында тығыз байланыс болғанының дәлелі дейді.   

Қазаннан шыққан топырақ араласқан металдың шіріген бөлігіне әлі ешкім тиісе алмаған. Сыртындағы күйеден де ақпарат алу қажет. Оны зерттеу үшін қазан  радиокөміртекті анализ жасайтын Польша, Литва немесе Ирландияға жіберілуі мүмкін.

Түлкібай Төлеуов, «Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы» КММ директоры:

- Қазіргі ғылым талаптары жоғары ғой. Бірден бәрін жұлып алмай, рентгенге түсірдік, КТА-дан өткіздік. Кейінгі технологияны пайдаланып зерттеу жүргізіледі. Мұның ішінен біраз құнды қызық дүние табылады деп есептейміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.