{metadescription}
«Элитстрой» айлығын даулаған жұмысшылармен соттасуы мүмкін
«Элитстрой» айлығын даулаған жұмысшылармен соттасуы мүмкін

«Элитстрой» айлығын даулаған жұмысшылармен соттасуы мүмкін

«Айлықсыз айлап сандалтты». Алматыда құрылыс компаниясынан жалақысын өндіре алмай жүрген жұмысшылар жиналды. Тапсырыс алған мердігер компания жүктелген жұмысты аяқтағанымен, ақшаны төрт ай бермей жатыр дейді. Сол себепті қол астындағылардың айлығын төлей алмай отырғанына шағымданады. Ал «Элитстрой» олардың өзі кінәлі дейді.

Кеше ғана қоршаудың ар жағындағы құрылыста жүргендерге енді бұл жақтың есігі жабық. Жалақының жайын күйттеп кезекті рет келгенмен, оларды қарсы алған ешкім жоқ. «Элитстроймен» келісімшартқа отырған мердігер компанияның өкілі  10 миллион теңгеден астам ақшаны ала алмай жүргенін алға тартады.

Назгүл Тойғанбекова, мердігер компанияның өкілі:

- Бұл жерде компаниялар көп алмаған. Бір мен екі бар. Ол жерде де бар ақша ала алмай жүрген компаниялар. Жалғыз біз емес. «Элитстрой» басында бізбен сөйлесіп жүрді, «атқара беріңдер» ақша әне түседі, міне түседі» деп, біз күтіп жүрдік. Содан кейін мамырда біз, компания өз ақшамызды, мына жерге салып, айтып отырмын ғой, компанияда бір тиын ақша қалған жоқ.

Атқарылған жұмысты айғақтайтын құжаты болғанымен, айлық алмай сергелдеңге түскендерге әлеуметтік жағдай тізесін батырып тұр. Айтуларынша, соңғы төрт айдан бері қарыз ұйығына батып, отбасын асырау мұңға айналған.

Ержан Оралбаев:

- Осы жерде бригадир болып істегем, 50 балаға. Желтоқсанда бес қабатын салдық. Соның ақшасын әлі берген жоқ. Бәрі пәтер жалдайды, несиелері бар, ақшасын берген жоқ. «Элитстрой» компаниясы 12 миллион теңге қарыз, әлі берген жоқ.

Бұл жақта ешкім төбе көрсетпеген соң, жұмысшылар Алматының қақ ортасындағы компанияның кеңсесіне келді. Сыртқа керіле шыққандардың жүзінен мұндай «құдайы қонақты» күтпегені көрініп тұр. Жиналғандардың арасынан тек екі өкіл ішке жүрсін деген шартпен ғана кіргізді. Компанияның атқарушы директоры жауапкершіліктен ат-тонын ала қашты. Айтуынша, мердігер компания атқарған жұмысында кеткен олқылықты түзетпегені үшін арты осындай жағдайға ұласқан.

Зәуреш Әлиева, «Элитстрой» құрылыс компаниясының басқарушы директоры:

- Біз әр келген сайын ескертпені орындасын деп айттық. Көп рет айттым. Олар мамыр айында құрылыс алаңын тастап кетті. Сол уақыттан бері бәрін қалпына келтіргенде, біз бұл мәселені шешер едік. Амал жоқ, сосын арадағы келісімшартты бұздық.

Меселі қайтқан жұмысшылар енді айлығын даулап Еңбек инспекциясына арызданудан басқа амалы жоқ. Бұл даудың нүктесі тек сотта қойылатын түрі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде