{metadescription}
Жамбыл облысында жарымжан жандардың аппараты тозып, естуден қалған
Жамбыл облысында жарымжан жандардың аппараты тозып, естуден қалған

Жамбыл облысында жарымжан жандардың аппараты тозып, естуден қалған

Жамбыл облысында есту қабілеті бұзылған балалардың ата-аналары дау шығарды. Олардың сөзінше, ұл-қыздарына бес жыл бұрын берілген дыбыс ұлғайтқыш аппараты әбден ескіріп істен шыққан. Соның кесірінен жарымжан жандар естуден қалыпты.

Наразы топ облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жағдайды біле тұра, жаңасын әперуге құлықсыз дейді.

Інжу қазір жеті жаста. Құлағында кемістігі бары бір жасында анықталған. Көп ұзамай ота жасалып, кохлеар имплант орнатылған. Тек бес жылға жарамды дыбыс ұлғайтқыш аппараты өткен жылы ауыстырылуға тиіс болған. Ескірген есту құралының да әбден тозығы жетіпті. Айтолқын Қарашолақова қызына жаңасын әперейін десе, жауапты мекеме сан сылтаумен маңына жуытпай қойған.   

Айтолқын Қарашолақова, Тараз қаласының тұрғыны:

- Дыбыстар, әріптер жоғалып жатыр дейді. Басында жаңа еді ғой. Енді әріптерді дұрыс айтпайды. Соңғы әріптерді. Оның үстіне прцессорды ауыстырдық. Қолданылған. Оның өзі 200 мың теңге.

Бағасы удай құралдың бір бөлшегінің өзі 200 мың теңге. Ал аппараттың өз бағасы 6 миллион теңгеге жуық. Он сатып алуға тұрмысы төмен жандардың шамасы жетпейді. Сондықтан мемлекет жарымжан жандарды есту құралымен қамтамасыз етуді мойнына алған. Бірақ былтырдан бері дыбыс ұлғайтқыш аппараты аймақтағы 37 балаға бұйырмады. Олардың ата-аналарының шарқ ұрып бармаған жері жоқ. 

Жансая Жаманқараева, Жуалы ауданының тұрғыны:

Мамырдың аяғында аппаратты аласыздар деп айтты. Жарайды, жақсы. Бастық демалыста, бас маманмын деген әйел отыр. Жіберген өтініштен қате кетті, қайтадан кері қайтарылды деді. Онда аналар жиналып министрлікке жазамыз десек, «керек болса, Президентке жазыңдар» дейді.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшылығы «кінә бізден емес» дейді. Сөзіне сенсек, құрылғының қымбаттауынан кәсіпкерлер әлеуметтік қызмет порталына қатыспай қойған. Сөйтіп тауар жеткізетін ешкім болмай қалған. Ал биыл құрылғыларды үлестіру үшін конкурс өткізілмек. Енді жеңімпаздар анықталса, есту аппараты бәріне беріледі деп сендіреді. 

Ғалижан Мейірманов, Жамбыл облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары:

- Бұл рәсім жарияланып басталып қойған. Енді конверт ашу рәсімі 16-тамызда өтеді деп отыр. Оның рәсімдері бар ғой. Ашады, ол қаралады. Салыстырмалы түрде екі өтініш беруші болуы керек. Соның бәрі өткенен кейін қыркүйек айының ортасына қарай боп қалуы керек.

Басқарма бұл бағыт бойынша 200 миллион теңгеге жуық қаражат бөлген. Оған 37 балаға есту аппараты алынуға тиіс. Наразы топ мәселе жуық арада шешіледі дегенге сеніп тарқасты. Ал тағы кешеуілдесе, облыс әкімдігінің алдына барып айғаға баспақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.