{metadescription}
Заңгерлер: Билеті қымбат әуе компаниясын сотқа беру керек
Заңгерлер: Билеті қымбат әуе компаниясын сотқа беру керек

Заңгерлер: Билеті қымбат әуе компаниясын сотқа беру керек

«Билеті қымбат әуе компаниясын сотқа беру керек». Заңгерлер қазақстандық жолаушыларды өз құқығы үшін күресуге шақырып отыр. Олар минут сайын қымбаттайтын билет құнын басқаша реттеу мүмкін емес екеніне сенімді. Ал өз кезегінде еліміздегі әуе компаниялары бағаның былтырғымен салыстырғанда бірнеше пайызға арзандағанын айтады.

Мұны реттейтін мемлекеттік мекеме бар ма? Бәсекелестікті қорғау агенттігі неге қауқарсыз?

Әуе билеттері қанша қымбаттады десек те, әуежайда жолаушы азайған емес. Адамдар уақыт үнемдеу үшін  қалтасындағы соңғы тиынын санап беруге дайын. Бірақ заңгерлер мұндай құрбандыққа бара бермеу керек дейді. Өйткені онсыз да айлықтан айлыққа өмір сүретін қазақстандықтар бір рет жол жүріп келсе, енді сапарға шықпайтындай болады. Тіпті қазір әуе билетін кепілсіз несиеге алып та жүргені жасырын емес.

Жангелді Сүлейманов, заңгер:

- Біздің адамдар үшін неге  ұшақпен ұшу байлық боп есептеледі? Мысалы, Еуропа мемлекетінде олар әуе қатынасын қарапайым жол жүру деп есептейді. Өйткені бізде табыс өте аз. Мысалы, орташа айлық 150 мың теңге. Ал бір қаладан келесі қалаға бару 100 мың теңге. Президент 50 мың айлыққа өмір сүретін отбасылардың бар екенін айтты. Олар бұл ақшаға билет сатып аламын деп ойламайтыны анық.  

Заңгерлер бас шұлғи бермей, еліміздегі саусақпен санап аларлық әуе екомпанияларын сотқа беріп, үнемі шағымданып отыру керегін айтады. Алайда Air Astana сияқты алпауыт компаниялар шағымданушының емес, АҚШ ақшасының көңіл күйіне көп алаңдайды. Сөйтіп көк ақшаның бағамы өзгерсе, билет те соған ыңғайланады екен. Оның үстіне мұндағылар қазір бағаның  арзандығына кәміл сенімді.  

Тілек Әбдірахимов, Air Astana әуе компаниясының корпоратив коммуникациялар жөніндегі менеджері:

Air Astana-ның бағасы маусымаралық, жаздық демалыс, мереке күндеріне байланысты өзгеріп тұрады. Ол жолаушылардың қаншалықты алдын ала алғанына да байланысты. Ерте алса, арзанға түседі. Өткен қазан айынан бастап ішкі рейс бағасы 10 пайызға арзандады. Ал қараша айында жүксіз тариф қосылды. Оның  бағасы өз құнынан 5000 теңгеге арзан. Халықаралық бағыттарға баға сол қалпында қалды.

Ал осының бәрін реттеуге тиіс Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тек мониторинг жасаумен шектеліп отыр. Қазір мұндағы жалғыз қызметкер әуе билеттерінің есебін жүргізіп жатыр екен. Жауабы тамыздың ортасында белгілі боп қалуы мүмкін.

Рүстем Ғабдылжапаров, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Көлік және байланыс департаменті басшысының міндетін атқарушы:

Қазір еліміздегі Air Astana, Fly Arystan, Scat, Qazaq Air әуе компанияларына мониторинг басталды. Ол бірнешекезеңнен тұрады. Біз алдымен билет құны, жолаушылар қарқыны мен жылдық кірісін салыстырамыз. Егер компания мәліметтерді жасыратын болса, оларға әкімшілік айыппұл салынады. Қазір 2021 жылдың маусымы мен 2022 жылдың шілде айындағы билет бағасына мониторинг жасалып жатыр.

Әуе компаниялары мен жауапты ведомстволар өзара түсініскенше, қаншама рейс ұшып, қаншаса кешіктіріліп үлгерді. Өткен бір айда жолаушылардан 130-ға жуық арыз түскен. Әзірге одан шыққан қорытынды біреу ғана – Air Astana еншілес компаниясы Fly Arystan үшін 3 миллион теңге айыппұл арқалады. Алматы-Шымкент бағытындағы рейс 15 сағатқа кешіккені үшін. Өйткені жолаушыларын қонақүйге орналастырмай әуежайда күттіріп қойған. Бірақ монополистер мұндай миллиондарды шыбын шаққандай көрмейтін сияқты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.