{metadescription}
Бір тәулікте коронавирустан екі адам көз жұмды
Бір тәулікте коронавирустан екі адам көз жұмды

Бір тәулікте коронавирустан екі адам көз жұмды

Көрінбейтін кесел қаһарына қайта мінді. Бір тәулікте елде коронавирустан екі адам көз жұмды. Денсаулық сақтау министрлігінің тамыз айында ауру өршиді деген болжамы шындыққа айналып жатқандай.

Соңғы алты айда қауіпті індет 785 отандасымыздың өмірін жалмады. «Сақтансаң сақтайды» деген қағиданы қазір бәрі ұстанады деу қиын. Шектеу шарасы жеңілдеген соң жағасын жайлауға жіберген жұртшылық вирустың байыбына бармай жатқаны да жасырын емес. Соның салдарынан өткен тәуліктің өзінде дерт дендеген науқас саны 2661 адамға өсті.

Ковидқа шалдыққандардың арасында 32 адамның жағдайы ауыр. Ал 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жалпы коронавирус басталғалы бері 14 мыңға жуық отандасымыз аталмыш аурудан бақилық болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде