{metadescription}
Алакөлге жол тартқан көлік аударылып, ерлі-зайыпты көз жұмды
Алакөлге жол тартқан көлік аударылып, ерлі-зайыпты көз жұмды

Алакөлге жол тартқан көлік аударылып, ерлі-зайыпты көз жұмды

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Алакөлге қарай жол тартқан көлік аударылып, ерлі-зайыпты көз жұмды. Ал 11 жастағы ұлдары ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер жасөспірімнің жағдайы орташа ауыр дейді. Ауыр соққыдан басынан жарақат алып, бүйрегіне зақым келген.

Жол көлік оқиғасы кеше кешқұрым Үшарал – Достық тас жолында болған. Жүргізушінің көзі ілініп кетті ме, әлде жылдамдықты асырды ма, ол жағы әзірге белгісіз. Toyota Land Cruiser 200 ешқандай да көлікке соқтығыспай, өздігінен төңкеріліп түскен. Облыстық полиция департаменті жол таңдамайтын көліктің ішінде 47 жастағы отағасы мен 43 жастағы жұбайы қаза тапқанын хабарлады. Оқыс жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Алакөлге баратын жолдың бұл бөлігінде бірнеше жылдан бері күрделі жөндеу жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде