Ювеналды полиция инспекторын бауыздап тастаған – Ақтау
Ақтауда полицейді пышақтаған күдікті тергеу абақтысына қамалды. 27 жастағы қала тұрғыны кеше түнде ювеналды полиция инспекторын бауыздап тастаған.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
04.08.2022
- Қолыңды жібер братан, бл... братан, шыдашы ...
Тамағы орылып, қанға тұншыққан Жәнібек Шындағұловты ес-түссіз күйде жедел жәрдем алып кеткен. Алайда 26 жастағы полиция қызметкерін дәрігерлер құтқара алмады. Оның артында үш баласы мен жары қалды. Ал күдікті қылмыстың ізі суымай ұсталған. Оның марқұмға не себепті пышақ ала жүгіргенін тергеу анықтайтын болады. Маңғыстау облысы полиция департаменті ол полиция инспекторы 22-шілдеден бері демалыста болған деп отыр.
Жаннұр Таңатарова, Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы:
- Қаза тапқан адам еңбек дамалысында болған полиция қызметкері болып шықты. Жедел іздестіруде 27 жастағы күдікті анақталып ұсталды. Аталған дерек Ақтау қаласы ПБ сотқа дейінгі тергептексеру тізілімінде ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағы, яғни кісі өлтіру бойынша тіркелді.
Ақтауда полицейді пышақтаған күдікті тергеу абақтысына қамалды. 27 жастағы қала тұрғыны кеше түнде ювеналды полиция инспекторын бауыздап тастаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!