{metadescription}
Мешін шешегін емдеу хаттамасы әзірленуде. Аурудың белгілері  
Мешін шешегін емдеу хаттамасы әзірленуде. Аурудың белгілері  

Мешін шешегін емдеу хаттамасы әзірленуде. Аурудың белгілері  

Әлемде таралып жатқан мешін шешегі Қазақстанға жеткен жоқ. Бірақ отандық инфекционистер оны емдеудің хаттамасын әзірлеуге қазірден кірісіп кетті. Сақтық шаралары мешін шешегі елімізге жеткен жағдайда абдырап қалмас үшін жасалып отыр.

АҚШ-тың кей штаттарында аурудың өршуіне байланысты төтенше жағдай жарияланған. Бүгін Үндістанда вирус алғаш рет 30 жастағы нигериялықтан табылды.

Ал ең көп науқас саны Еуропада тіркелген. Мұнда 16 мыңға жуық науқас ем-домын алса, екі адам көз жұмған.

Жұқпалы індет әлемнің 50 елін жайлап, жұртты әбігерге салды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мешін шешегінің таралуын әлемдік деңгейдегі төтенше жағдай деп атады және барлық елді сақтық шараларын күшейтуге шақырды.

Қазақстанда ауру әлі тіркелген жоқ. Дегенмен денсаулық сақтау министрлігі осы бастан оны емдеудің хаттамасын әзірлеп жатыр. Ресейліктер берген 1300 сынамамен ауру белгілері бар науқастарды тексермек. Ал мешін шешегіне тән белгілер қандай?

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Емдеуде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы симптомдар бойынша ем қолдануды ұсынады. Бүгінде ғалымдар және осы инфекция таралып жатқан елдер бұл ауру ағзаны улап, бөртпелер шығатынын айтып отыр. Симптомдар бойынша емделеді. Бүгінде кейбір елдер вирусқа қарсы тәжірибелік препаратты зерттеп жатыр. Оны біз де зерттеп жатырмыз. Оның клиникалық сынақтан өтуі маңызды. Клиникалық сынақтар сәтті өтсе, оны мешін шешегін емдеу хаттамасына ұсынамыз және қосамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде