{metadescription}
Алматыда жабайы базардағылар жауапқа тартылып, айыппұл төлейді
Алматыда жабайы базардағылар жауапқа тартылып, айыппұл төлейді

Алматыда жабайы базардағылар жауапқа тартылып, айыппұл төлейді

Алматыда жабайы базарлардың жұмысына тыйым салынады. Жол бойында сауданы қызыдырып жатқандар енді жауапкершілікке тартылып, қомақты айыппұл арқалайды. Жайма базарлардың жұмысын жөнге келтіретін жаңа ереже 15-тамызда күшіне енеді.

Осылайша көше жиегін базарға айналдырғандардың саудасы біткелі тұр. Яғни 10 күннен кейін қала көркін қашырып тұрған жайма базарлармен күрес күшейтіледі. Енді жол бойында санитарлық талаптарды ысырып қойып жұмыс істеп жатқан саудагерлерді тексеріс жүргізетін тәртіп сақшыларының заңмен қудалауға толық құқы болмақ.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, ешбір ережені пысқырмай сауда жасап жатқан Бостандық ауданының өзінде 6 ірі нысан бар екен.

Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:

- Ұйымдастырылмаған сауда үшін жаңа ережелер қабылданады. Одан кейін полиция департаменті заңсыз сауда жасап отырған сатушыларға айыппұл салып, шара қолданып, сауда нысандарын жаба алады. Біз қаладағы сауда ережелерінің жобасын әділет министрлігіне бекітуге бердік. 15-тамызға дейін нақты жауабы белгілі болады деп үміттенеміз. Сосын 10 күннен кейін құжат күшіне енеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.