Елордада күніне 100-ге тарта шенеунік КВИ жұқтырып жатыр
Елордада күніне 100-ге тарта шенеунік коронавирус жұқтырып жатыр. Вирус өрши бастаған кезде тәулігіне 10 шақты мемлекеттік қызметкер ауруға шалдықса, қазір оның саны он есе көбейген.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
04.08.2022
Статистиканы министрлік шенеуніктердің денсаулығын тексеретін Президент іс басқармасының денсаулық сақтау мекемесінен күніге алып отырады. Ауру көрсеткіші төмендеудің орнына үдеп жатыр.
Елімізде бір тәулікте 2700-ден астам адамның ПТР-тест нәтижесі оң нәтиже көрсеткен. Аурудың таралу қарқыны Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Қарағанды облысында жоғары. Әсіресе балалардың Covid-19-ды жұқтыруы белең алған. Жыл басынан бері 6 мың бала емделген. Қазір үш бала ауыр халде.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Жыл басынан бастап 6 мың бала ауырды. Қазір ауруханада 423 бала COVID19-дан емделіп жатыр. Әрбір баланың денсаулығы министрлік деңгейінде бақылауда. Жеке штабымыз бар. Бүгінде вирус жұқтырған балалардың 21% ауру жеңіл өтуде, 77% орташа деңгейде, 0,7% күрделі, яғни үш бала жансақтау бөлімінде жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!