{metadescription}
Дендробақта құны пәтермен тең бес әжетхана қойылған – біреуі 9 млн
Дендробақта құны пәтермен тең бес әжетхана қойылған – біреуі 9 млн

Дендробақта құны пәтермен тең бес әжетхана қойылған – біреуі 9 млн

Шымкенттің дендрология саябағында құны пәтермен тең бес әжетхана қойылған. Біреуінің құны 9 миллион теңгеге бағаланған дәретханаларды әкімдікке қарасты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы орнатқан.

Жани Қамбар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы:

- 45 миллиондық қаржыға дендрология саябағына бес модульдік әжетхана орналастырылады. Ол әрқайсысы 9 миллион теңгеден. Бір бөлмелі пәтердің құнымен бірдей. Бұл бюджеттік қаржы емес. Бірақ сонда да ол кәсіпкерлердің, меценаттардың қаржысы болғандықтан, бұны мақсатты, тиімді түрде пайдалану қажет.

Аз қамтылған отбасыларды қолдауға деп жиналған демеушілердің ақшасына әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы дендросаябақта тұрған дәретханаларды сүріп тастап, орнына 5 әжетхана қойып бере салған. Оның өзі әрқайсысы қаңылтырмен қапталған. Ерлер мен әйелдер жағында бір-бір бөлігі істесе, мүгедектерге арналған есіктері тарс жабық. Ыстық су ақпайды. Тоққа қосатын сымдарының кей жері күйіп кеткен.

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы құнына лайық емес дәретханаларға қатысты мән-жайды түсіндіруді жөн деп таппады. Арнайы хат талап етуде. Сондықтан әжетханаға деп бөлінген миллиондар желге ұшты деп отыр тұрғындар.

Гүлжан Мейірбекова, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Істегеніне көп те болған жоқ. Жылу міне, жылы су қалай болады, дайын емес. Бұны қалай пайдаланады. Келеді, мынаның үстіне мініп отыра ма, білмейміз. Кіре алмаймыз. 2-3 дәретханамыз бар еді, алып тастады. Енді мына біреуі ғана бар. Көпшілігі ескі дәретхананы пайдаланады. Неге десеңіз, ол жер мынаған қарағанда таза. 9 миллионға тұрмайды. Өздеріңіз біліп тұрсыздар ғой, тұратын дәретханаға ұқсай ма, 9 миллиондық, ұқсамайды ғой.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде