{metadescription}
Араб шейхы қызыққан жобамыз елімізде елеусіз қалған
Араб шейхы қызыққан жобамыз елімізде елеусіз қалған

Араб шейхы қызыққан жобамыз елімізде елеусіз қалған

Алматыны түтіннен құтқарудың амалы бар! Жас өнертапқыштар дрон-шаңсорғыш жобасын қолға алды. Олар арнайы аппараттың көмегімен ауаны тазалауға болатынына сенімді. Әзірге мемлекет тарапынан қолдау болмағаннан кейін жобаны жүзеге асыру мүмкін емес дейді. Бір қызығы, студенттердің жасаған ерекше шаңсорғышын шетелдіктер алуға қазірден дайын.

Түтінге толы бөлменің ауасы санаулы минутта тазарды. Бұл шаңсорғышты жасап шығаруға жас өнертапқыштардың екі жылға жуық уақыты кетті. Ая мен Адият – 3, Остап 4 курс студенттері. Шетелде білім алады. Сол жақта жиған білімін енді елде кәдеге жаратуды көздегендердің бұл жобасына әлемде балама жоқ.

Ая Марат, AtaHub зертханасының сарапшысы:

- Физиктермен бірге кеңестік, химиктардан, экологтардан кеңес алып, өзіміз теория ретінде сол дроншаңсорғышты ойлап таптық. Сосын осы идеяны түрлі университеттерге жібердік. Сосын экология министрлігіне жібердік. Тағы да әкімдіктерге, әртүрлі әкімшіліктерге жібердік.

Таңсық жобадан әзірге атқамінерлер аяқ тартып тұрғандай. Өйткені қызығушылық танытып қаржылай қолдай көрсетуге ешкім емеурін білдірмеген.

Алматыны түтін қапасынан құтқаратын құрылғы екі шақырым биіктікке дейін көтеріліп 45 минутқа дейін ұшатын болады. Сол аралықта арнайы фильтр лас ауаны жұтады. Әзірге тек осы бөлігі дайын. Оны әуеге көтеретін дронды қазір АҚШ-та құрастырып жатыр. Ерекше дрон-шаңсорғышқа тіпті, арабтың шейхы қызығушылық танытыпты.

Адият Асхат, AtaHub зертханасының инженері:

- Шейхқа жобамыз бірден ұнап, оны қаржыландыруды ұсынды. Бірақ жобаны Катарда жүзеге асырасыңдар деген талап қойды. Ұсынысты қабыл алып, сол кездеақ Катарға ұшып кетуге болар еді. Алайда  Қазақстанға мүмкіндік берейік дедік. Өз еліміздің атынан бұл жобаны шығарғымыз келді.  Әлі күнге дейін шенеуніктердің ешқайсысы мойын бұрған жоқ. Қазақстанды лас ауадан құтқаратын жобаны қолдайтындар табылмай тұр.

Жас өнертапқыштар атқамінерлерге деген  сенімін соңына дейін жоғалтпады. Экология министрлігі қолдап қаржы бөле ме деген үміт отын әзірге өшірмеді. Жақында АҚШ-тан құрастырылып жатқан дрон жетеді. Сол кезде оны арнайы шаңсорғышқа жалғап, ауаны қалай тазалайтынын іс жүзінде көрсетпек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде