Ресейдің тондар жәрмеңкесінде жеңілдіктер қарастырылған – Алматы
Тондар жәрмеңкесі қайта ашылды. Ресейдің Пятигорск фабрикасында тігілген қысқы киімдер Алматыда сатылымға шығарылып жатыр. Бұл жолы шаһарға соңғы үлгіде тігілген тондардың үш мыңға жуық түрі әкелінген.
Автор: Салтанат Шырынхан
05.08.2022
Сатып алушыларға әдеттегідей біршама жеңілдік қарастырылған. Жылы киімдер жәрмеңкесі Балуан Шолақ спорт сарайында өтіп жатыр.
«Мир меха» фабрикасының өнімдерімен бүгін есігін айқара ашқан жәрмеңкеде көздің жауын алатын ішіктердің түр-түрі тізіліп тұр. Барлығы қыстың аязынан қорғайтын таптырмайтын бағалы аң терісінен тігілген. Енді қаракөл елтірісі мен құндыздан тігілген бөріктерді де осы дүкеннен таба аласыз.
Диля Исмаилова, сатушы:
- «Мир меха» жәрмеңкесі жұмысын қайта бастап жатыр. Дүкенімізді бүгін аштық. Биыл сатылымда жаңа тондардың түрі көп. Ұзындқысқалы, түрлі-түстінің барлығы бар. Таза былғарыдан тігілген ішіктерді де әкелдік. Әдеттегідей қолма-қол сатып алудан бөлек, 12 айға бөліп төлеуге болады.
Жәрмеңкенің алғашқы күнінде-ақ тон көруге келген қарашаның қарасы көп. Соның бірі – Рыскүл Жалғасбаева. Қыстың қамын жазда ойлап жатқан ол дүкеннің ашылуын тағатсыздана күтіп, алыстан келіпті.
Рыскүл Жалғасбаева:
- Ақтаудан Алматыға қыдырып келдім. Тондар дүкенінің ашылуын ести сала осында келіп, тон таңдап жүрмін. Жалпы ұлқыздарым сыйлыққа алып беремін деген. Бұйырса алып жатсам, Ақтауға тонмен ораламын.
Ішіктердің әйелдермен қатар ер адамдарға арналған үлгілері де бар. Қысқы тондар жәрмеңкесі Балуан Шолақ спорт сарайында өтіп жатыр. Кіретін есігі Байтұрсынұлы көшесі жағынан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!