Анасын өлтірген қыз жігітімен қоса сотталды – Ақтөбе
Ақтөбеде өз анасын өлтірген қызбен оның жігітіне үкім кесілді. 16 жастағы мектеп оқушысы тоғыз жылға сотталды. Ал оған қанды қылмыс жасауға көмектескен колледж студенті 15 жыл жаза арқалады.
Автор: Асқарбек Қазанғап
09.08.2022
Жантүршігер жағдай биыл мамыр айының басында болған. Туған анасын пышақтап өлтірген бойжеткен жігітімен бірге анасының мәйітін кілемге орап балконға шығарып тастаған. Ал қанға малынған пышақты қоқыс контейнеріне лақтырған.
Мәйіттің иісі шықпас үшін аракідік сіркесуы мен соданы құйып отырғаны сотта белгілі болды. Марқұм сол жерде бірнеше күн бойы жатқан. Тергеу кезінде күдіктілер кінәсін бірден мойындады. Бірақ 19 жастағы жігіт судьядан «өлтіретін ойым болмаған» деп, ақтауын сұрағанмен, жазадан құтылмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!