Қаңтар: Алматы облысының полицейлері 23 азаматты үтікпен азаптаған
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысының полицейлері 23 азаматты үтікпен азаптаған. Бас прокуратура бүгін тәртіп сақшыларының қылмысы дәлелденгенін мәлімдеді. Құқық қорғау органы әлі де жаппай тәртіпсіздіктерде полицейлерден таяқ жеп азапталғандардың құқын қорғауды жалғастыра бермек.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
09.08.2022
Ал қылмысы дәлелденгендер Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша жазаға тартылады.
ҚР Бас прокуратурасы:
- Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша 5 полиция қызметкері күдікті деп танылды. Оның ішінде криминалдық полиция басқармасының 3 қызметкері, Әкімшілік полиция басқармасының 1 инспекторы және жедел қимылдайтын арнайы жасақтың 1 қызметкері бар. 4-тамызда қылмыстық іс мәні бойынша қарауға сотқа жолданды. Азаптауды қолданудың басқа да фактілерін тергеу аяқталуға жақын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!