{metadescription}
Үкімет: Әлеуметтің әлеуетін көтеруге 515 миллиард керек
Үкімет: Әлеуметтің әлеуетін көтеруге 515 миллиард керек

Үкімет: Әлеуметтің әлеуетін көтеруге 515 миллиард керек

Үкімет республикалық бюджеттен тағы ақша алуға себеп тапты. Бұл жолы атқамінерлер әкімдермен кездесу кезінде халық көтерген мәселелерді шешіп көрмекші. Ұлттық экономика министрінің есебінше, әлеуметтің әлеуетін көтеруге 515 миллиард теңге керек.

Биыл президент тапсырмасымен барлық деңгейдегі әкім жаңа форматта жұртпен кездесіп, олардың базынасын тыңдап, толғандырған сұрақтарына жауап беріп, оны шешуге тиіс. Жарты жылда алты жүз мыңға жуық қазақстандық аймақ басшыларымен жүздесіп, хал-ауқатын жақсартатын 30 мыңға жуық ұсыныс беріпті. Жер, экология, жол, тұрғын үй мәселелері – өзектілері.

Жергілікті атқарушы органдар 12 мыңнан астам сұрақты аяқсыз қалдырмаған. «Шешімін тапқан сұрақтың көбі алдын ала дайындалған» деп, Қуантыров әкімдерді сынға алды. Министр жауапсыз қалған проблемалар қомақты қаражатқа келіп тірелетінін жасырған жоқ. Кездесулерде көтерілген мәселелерді шешуге 515 миллиард теңге қажет. Ұлттық экономика министрлігі өңірлік бюджетті түзете отырып, 150 миллиардқа жуық теңгені тапқан. Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарына едәуір қаржы керек.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар деңгейінде шешілуді қажет ететін проблемалық мәселелер тізбесі қалыптастырылды. Бұл тізім 140 мәселеден тұрады. Мәселенің басым бөлігі республикалық бюджеттен қаржы бөлуге келіп тіреледі. Оның ішінде өңірлерде 18 мәселе бойынша қажетті құжат жоқ. Бірнеше кезеңде қаржыландыруды қажет ететін 22 ірі жоба бар. Сондай-ақ биыл мәселелерді жүйелі түрде шешу үшін республикалық бюджеттен 102,9 млрд теңге қарастырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде