{metadescription}
Pfizer вакцинасын жаппай егу тоқтатылды
Pfizer вакцинасын жаппай егу тоқтатылды

Pfizer вакцинасын жаппай егу тоқтатылды

Елімізде Пфайзер вакцинасын жаппай егу тоқтатылды. Бұрынғыдай тек жүкті және емізулі әйелдер мен балаларға салынады. Сондай-ақ, алғашқы дозасын алып үлгергендерге америкалық екпе толық салынады. Өйткені жоспарға сәйкес вакцинаның келесі партиясы елге жеткізілгенше қолда барымен осылай амалдай тұрулары тиіс. Бұдан бөлек, өзге азаматтарға қазір егу пункттерінде Qaz Vaс пен VeroCell қол жетімді.

Гүлжайнат Тілеген, Алматы қаласықоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілі:

- «Пфайзер» вакцинасы тек қана жүкті әйелдерге, балаларға және бала емізіп жүрген әйелдерге арналған. «Пфайзердің» алып жатқан адамдар бірінші доза вакцинасын алғаннан кейін оларға өз саны, өзінің екінші дозасы қалдырған. Олар еш жаққа кетпейді, өздері екінші дозасын келіп ала алады. Енді қыркүйекте осы вакцинацияға «КазВак» пен «Пфайзерді» күтіп отырмыз. Екеуінен бір 30 мындай доза вакцина келеді.

Бір ғана Алматының өзінде Ковидтан қорғайтын екпені салатын 88 пункт жұмыс істеп тұр. Шаһарда «Синофарм» VeroCell  вакцинасының 52 658 дозасы бар. Ал Qaz Vaс  пен Pfizer-дің әрқайсысынан шамамен екі мың ампуласы ғана қалыпты. Дәрігерлер індеттен қорғанудың бірден-бір жолы осы вакцинация және ревакцинация екенін айтудан жалықпайды.

Қазір кесел жұқтырғандар саны азайған. Соңғы тәулікте коронавирус 1128 адамнан анықталып отыр. Оның ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында. Елордада 335 тұрғынның сынамасы оң нәтижені көрсетсе, оңтүстік астанамызда 200 адамның дертке шалдыққаны белгілі болған.

Бүгінде Алматыда стационарда ем алып жатқан 123 науқастың 58-і – жасөспірімдер. Сондай-ақ індеттен бір күнде ел бойынша екі адам ажал құшты. Статистика коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 млн 370 мыңға жуықтап қалғанын көрсетеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде