{metadescription}
Балабақшаларды лицензиялау. Мектеп құрылыстары. Білім беру гранттары
Балабақшаларды лицензиялау. Мектеп құрылыстары. Білім беру гранттары

Балабақшаларды лицензиялау. Мектеп құрылыстары. Білім беру гранттары

Балабақшаларды лицензиялау қарашада аяқталуға тиіс. Бүгін премьер-министр Әлихан Смайылов Оқу-арғарту министріне 1-қарашаға дейін уақыт берді. Үкіметте білім ошақтарының құрылысы да сөз болды. Жаңа оқу жылына жаңа мектептерді салып немесе күрделі жөндеуден өткізіп үлгермеген өңірлер аз емес.

Ал бір жарым ай ғана бұрын бөлініп шыққан жоғары білім министрлігінде студенттерге жағымды жаңалық бар екен. Үкімет отырысында тағы не айтылды?

- Баламды балабақшаға біл деп бердім, тәрбиеші ұрыпсоқсын деп бермедім.

Соңғы уақытта жекеменшік бөбекжайларда бүлдіршіндерге қол көтеру дерегі жиілегені рас. Осыдан бірнеше күн бұрын ғана лқу-ағарту министрлігі жыл басынан бір ғана елорданың өзінде осындай 17 факті тіркелгенін мәлімдеген. Бүгін бұл мәселеге премьер-министр Смайылов та тоқталды.

Расымен, соңғы бірнеше айдан бері балабақша жайы қоғамда резонанс тудырып жатқаны ақиқат. «Жекедегі бөбекжайларды лицензиялау керек» деген талап елордадағы «Сати» балабақшасында ерекше қамқорлықтағы бүлдіршіндерді ұрып-соғып дерегі көпке жария болғаннан көтерілген болатын. Бүгіп пермер-министр елдегі бөбекжайдың баршасын лицензия шаруасын реттеу үшін оқу-ағарту министрлігіне үш ай уақыт берді.  

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің сапасын арттыру үшін оқуағарту министрлігіне биыл 1-қарашаға дейін мектепке дейінгі ұйымдардың лицензиялау мәселелерін пысықтауды тапсырамын.

Асхат Аймағамбетовтен тек балабақшаның жайы емес, мектептің де мәселесі сұралды. Себебі шалғайдағы білім ордаларын баяу интернеттің жағдайы алаңдатса, мегополистерде оқушылар алтын ұясына сыймай жатыр. Оған елордалық ата-аналар дәлел. Оқу-ағарту министрі өткен жылы 326 жаңа мектеп салынып, 1436 күрделі деуден өткенін айта келе, биылдың жоспарымен бөлісті. Ал 2025 жылға дейін 840 мың орынға арналған білім ордасы салынуы мүмкін екен.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Оқу-ағарту министрі:

Биыл 214 мың орынға 225 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның ішінде қазір 22 мың орынға 49 мектеп пайдалануға берілді. Осы тәуекелдерді болдырмау үшін әкімдіктер мектептерді іске қосу мерзімдерін бұзылуына жол бермеулерін сұраймын. 

 Ал бір жарым ай ғана жоғарғы білім министрі болған Саясат Нұрбектің әзірге жоспары позитивті. Мысалы, соңғы екі жылда мемлекттік грант саны 20 мыңға өсіп, 88 мыңға дейін жеткенін қуана мәлімдеді. 2025 жылға дейін бұл көрсеткіш 90 мыңға барады деп отыр. Министрдің студенттер қауымына айтар жағымды жаңалығы бұл ғана емес.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы екі есеге, магистранттар мен докторанттардікі 1,5 есеге артады. Бізде бакалавариат қазір 92 пайызды құрайды. Магистратура 5,8 пайыз, доктарантура бір пайызға да жетпейді, 0, 94 пайыз.

Ресми мәліметке сәйкес, қазір елдегі 120 жоғары оқу орнында 600 мыңнан астам студент бар. Бір айдан аз уақыт ішінде олардың қатары тағы да толығады. Ал ертең 10-тамыз күні жалпы білім беру грантына арналған республикалық конкурстың нәтижесі шығуға тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде