Есірткі сайттарын жарнамалаған «суретшілер» ұсталды – Алматы
Алматы полициясы есірткі сайттарын жарнамалаған «суретшілерді» қолға түсірді. Күдіктілер Алмалы ауданында ұсталды. Олар кезекті доза үшін осындай қылмысқа барғанын бүкпесіз, бірден айтты.
Автор: Асқарбек Қазанғап
09.08.2022
Тергеу барысында олардың бірінен есірткі сататын сайттардың мекенжайы жазылған трафареттер мен бояу толтырылған құтылар тәркіленді. 24 жастағы күдіктінің бірі осыған дейін қарақшылық үшін сотталған.
Серіктесі еш жерде жұмыс істемейтін 32 жастағы жігіт. Екеуі де есірткіге әуес. Олар осы жұмыс арқылы ақша таппақ болған. Қабырғадағы бір мөр үшін 2-3 мың теңге алған. Енді заң бұзып есірткіні жарнамалағандар 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!