{metadescription}
Бүтін бір ауыл екі жыл бойы қоғамдық көлікке зар – Жамбыл облысы
Бүтін бір ауыл екі жыл бойы қоғамдық көлікке зар – Жамбыл облысы

Бүтін бір ауыл екі жыл бойы қоғамдық көлікке зар – Жамбыл облысы

Жамбыл облысында бүтін бір ауыл халқы екі жылдан бері қоғамдық көлікке зар болып отыр. Автобус жоқтығынан жұрт қалаға таксимен қатынап, шығындалуға мәжбүр. Наразы жұрттың сөзінше, билік өкілдері бұл жағдайды біле тұра, мәселені шешуге асықпайды деп ашулы. Ал шененіуніктер қоғамдық көліктердің тоқтап қалуына тұрғындардың өзі кінәлі дейді.

Венера Әбішева төрт баланың анасы. Ол айран, сүт сатып күнін көріп отыр. Тауарын күнде Бесағаштан 20 шақырым жол жүріп, Тараздағы базарға өткізеді. Бірақ жергілікті тұрғын бұл кәсіптің де берекесі кетіп барады деп қынжылады. Өйткені тапқан табысымның басым бөлігі жолақыға жұмсалады дейді.

Венера Әбішева, Бесағаш ауылының тұрғыны:

- Сүт сатамын. Мың теңгесі жолақыға кетеді. 10-15 литр апарамын. Қазыр апаруды да қойдым. Арзанға үйден алып кетеді.

Жұрттың сөзінше, ауылдан қалаға қатынайтын автобустың тоқтағанына екі жылға жуықтаған. Содан бері тұрғындар таксиге шығындалуға мәжбүр екен. Жалпы елдімекенде төрт мыңға жуық халық болса, бәрінің көрген күні осы.

Сағын Қайназаров, Бесағаш ауылының тұрғыны:

- Қаланың ішіне баратын болсаң, екі, үш рет ауыстырып барасың. Арыбері бірталай қаражат кетіп жатыр. Бұл үйден бес адам шығады. Сонда бір үйден 5 мың теңге жолақыға кетіп жатыр.

Ал шенеуніктер ауыл арасындағы автобус қозғалысының тежелуіне небәрі екі ай болды деп бет бақтырмады. Оған тұрғындардың өзін айыптады. Бұқара жолақының бағасы өте қымбат деп қоғамдық көлікке мінуден бас тартыпты. Адам болмаған соң, тасымалдаушылар да жұмысын тоқтатқан. 

Әмина Мұхамедқалиева, Бесағаш ауыл аймағы әкімі аппаратының бас маманы:

- Біз үш рет әкелдік автобусты. Осы жақында ғана екі ай бұрын Маратты да шығарды. 150 теңгеге жүрмейміз деп бас салды, осы жерде бәрі жабылып. 150 деген қымбат, әкімшілік қайда қарап отыр деп. Алды да, кетті де қалды. Оның үстіне бәрі таксиге мініп кетеді.

Айқай-шу шыққан жерге алып-ұшып жеткен ауылдың атқамінерлері автобустың мәселесі екі аптада шешіледі деп сендіреді. Ол үшін таксилердің жұмысын тоқтату қажеттігін айтады. Тек содан кейін ғана қоғамдық көліктер қайта қатынайды дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде