{metadescription}
Алататау баурайында әр елден келген саяхатшылар бас қосады – Almaty Mount Fest
Алататау баурайында әр елден келген саяхатшылар бас қосады – Almaty Mount Fest

Алататау баурайында әр елден келген саяхатшылар бас қосады – Almaty Mount Fest

Алматыда осымен төртінші рет әлемде баламасы жоқ халықаралық шара ұйымдастырылады. 2-15 қыркүйек аралығында Almaty Mount Fest фестивалі өтеді. Алататау баурайында әлемнің әр түкпірінен тау туризміне қызығатын саяхатшылар бас қосады. Бұл шараның ерекшелігі неде?

Алматыға туристердің Алатау үшін аңсары ауады. Медеуге аялдап, Шымбұлаққа шығып, тұмса табиғатты тамашалау үшін табанын тоздырса да, мұнда жететін шетелдіктер көп. 2017 жылдан бері сондай әуесқой тау туризміне қызығатындардың басын осы Almaty mount fest фестивалінде қосу дәстүрге айналды.

Бауыржан Пазылхайыр, «Алматы қаласының туристік орталығы» ЖШС директорының орынбасары:

- Қазір тау туризмі әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан туризм. Бұл тек Еуропа елдерінде ғана емес, Алматы қаласының таулы кластері бойынша қарқынды дамып келе жатыр. Қыса ғана емес, жазда да  туристер күн санап артып келе жатыр.

Бұл фестиваль тек шетелдіктердің басын қосуға басымдық бермейді. Тау туризміне қызығатын қазақстандықтар осы шара арқылы арта ма деген үміт бар. Артып та келеді. Қазір қолы қалт етсе тауды бетке алатын азаматтар көбейген.

- Теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте тұрмыз. Негізінен Шымбұлақтың тіршілігі қыстың күні қызқыз қайнайды. Алайда ала жаздай мұнда ағылған адамдардың санында есеп жоқ. Былтыр қазан айынан бері мұнда 836 мың қонақ келіп үлгерген. Ал алдағы айда өтетін фестивальдің арқасында бұл статистика миллиондық межеге жетіп рекордтық көрсеткіш орнатуы әбден мүмкін.

 Қыркүйектің екісі күні бастауын алатын фестиваль тек таудағы серуенге арналмаған. Қатысушылар таудан төмен қарай велосипедпен түсуден, таулы жерлерде жүгіруден жарысады. Одан бөлек, жаппай туристік саяхат ұйымдастырылады. Қызыққандары «Молодежный» шыңына шығады. Биылғы Almaty mount fest шарасына 6 мыңнан астам адам қатысады деген болжам бар.

Ринат Абдрахманов, «Шымбұлақ» ТШК директоры:

- Қала әкімдігімен бірлесе отырып, біз дене шынықтырудың әр түрлі деңгейін таза ауада өткізудің бағдарламасын әзірледік. Оған әуесқойлар да, кәсіпбі спортшылар да қатыса алады. Біз қала тұрғындары мен қонақтарын фестиваль жайлы хабардар етіп, тау мерекесін бірге атап өтуге шақырамыз.

Қатысушыларды тіркеу 9-тамыз бен 2-қыркүйек аралығында жалғасады. Қызыққандар толық ақпаратпен www.mountfest.kz сайтында таныса алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде