Жанармайды шетелге заңсыз сатпақ болған – Павлодар облысында
Жанармайды шетелге заңсыз сатпақ болған. Павлодар облысында құны 45 миллион доллар тұратын сұйық отынды әлдекімдер Өзбекстанда сатып жібермек болған кезінде қолға түсті. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, олар АИ 95 маркалы жанармайын шекара асырғысы келген.
Автор: Елдос Есенбол
10.08.2022
Бұған дейін де дәл осы Павлодар облысында жанармайды заңсыз саудалады деп айыпталған бірнеше адам сотталған еді. Жеңіл жолмен ақша тапқысы келгендер 1 миллиард теңгемен қалтасын толтырмақ болған.
Ал бұл жолы алаяқтар 50 мың тонна бензинді шетелге шығарып сатпақ болыпты. Бірақ олардың жымысқы әрекеті жүзеге аспады. Қалған ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етімейді дейді Қаржылық мониторинг агенттігі. Сұғанақтардың дәл осы Павлодар облысынан шығу себебі: мұндағы қара алтынды өңдеу зауытымен тікелей байланысты болса керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қаржылық мониториг агенттігі мұнай өнімдерін заңсыз саудалағандарды ұстау әлі де жалғасатынын хабарлады.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Көлемі 280 тонна. Құны шамамен 90 миллион теңгені құрайтын жанармай құйылған бес вагон цистерна ұсталды. Олар «жанармай қоспасы» деген желеумен Өзбекстанға алып кетпек болған. Мамандардың қорытындысына сәйкес, теміржол цистерналарынан алынған сынамалар К4 экологиялық класындағы АИ-95 бензині болып табылады. Белгілісі, келісімшартпен шетел компаниясының пайдасына елден жалпы сомасы 45 миллион долларға 50 мың тонна экспорттау жоспарланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!