{metadescription}
Жұмысқа орналастырамыз деп ақша алып, жылдар бойы алдаған – Шымкент
Жұмысқа орналастырамыз деп ақша алып, жылдар бойы алдаған – Шымкент

Жұмысқа орналастырамыз деп ақша алып, жылдар бойы алдаған – Шымкент

Жұмысқа тұрғызамыз деп алдаған. Шымкентте еңбекпен қамтимыз деген компанияға ақша беріп, енді жылдап жұмыссыз жүргендер агенттік басшысын ұра жаздады. Айтуларынша, «Акцепт» деп аталатын агенттік Маңғыстау мен Атырау өңіріндегі ірі мұнай-газ компанияларына жұмысқа орналастырамыз деп, 64 мың 500 теңге алған.

Түбіртегіне дейін беріп, келісімшарт та түзеді. «Әрі кетсе, он күнде айлығы жарты миллиондық жұмысқа тұрғызамыз» деген басшылық артынан хабарсыз кеткен. Алданған жұрт бүгін олардың кеңсесіне келіп шу шығарды. Ашуға булыққандардың бірі тіпті есінен танып, бір өлімнен қалды.

Жиналғандар жұмысқа орналастыратын «Акцепт» агенттігін жарнамадан білдік дейді. Хабарласқан кезде жеке қабылдауға шақырғандар 64 мың 500 теңге төлесең болды, әрі кетсе екі ай ішінде Атырау мен Маңғыстаудағы ірі мұнай-газ компанияларына жұмысқа орналастырамыз деп уәдені үйіп-төккен. Тіпті сендіру үшін қолымызға ақшаның төленгені туралы түбіртек беріп, келісімшарт түзді дейді. Алды екі жыл уәдеге сенгендер енді агенттікті алаяқ деп отыр.

Ғабит Қазанбай, Түркістан облысының тұрғыны:

- Екі ай ішінде кіргізіп береміз деді. Одан кейін «әнеміне», «келесі айда» деп, қазір де «келесі айда кіргізіп берем» дейді. Мен телефонмен хабарласамын, ал келсем: «электромонтаж керек емес» дейді. Менен кейінгі потниктерге «электромонтаж керек» дейді. Солай алдап жібереді.

Жұмыс күтіп жүргендер саны қазір 300-ден астық дегендер Шымкенттен ғана емес, Қызылорда мен Түркістан облысының тұрғындары екен. Бірнешеуі «жалақысы жарты миллиондық жұмыс» деген компанияларға жіберген де екен. Бірақ айтқаны мен көргеніміз мүлдем басқа деп отыр.

Ерлан Әсілбеков, Түркістан облысының тұрғыны:

- Барған соң оқытады деді. Оқытқан жоқ. Тамағы жақсы болады деді. Тамағы жақсы емес, былайша айтқанда, нан сатып алып жедік қой. Бұл жерде айтады, негізі ондай емес.

- 509 мың деп айтты, ал сіз қанша жалақымен қайттыңыз?

- 75 мың 651 теңге алдым ғой. Бір ай істеп. Еще ол аржақтан қарызданып, 150 мың теңгеге қарызға кірдім.

«Не жұмыс, не берген ақшамыз жоқ болған соң, денсаулығымыздан айрылдық» деп мұңын шағып тұрғанда, жиналғандардың бірі есінен танып қалды.

Он төрт жылдан бері жұмыс істеп тіркелген 12 мың адамның барлығын «жұмыспен қамтыдық» деген агенттік басшысы Қазақстанда үш жерде өкілдігі бар екенін айтады. Ақшаны ешкімнен күштеп алғаным жоқ деген ол: «төленген теңге қайтпайды» деп кесіп айтты.

Шыңғыс Туғанов, Ассеpt жұмысқа орналастыру агенттігі Шымкент филиалының директоры:

- Мен бұл ақшаны қайтармаймын, жігіттер. Ақшаны қайтару үшін алмаймын. Мен үйінен сұрап алып жатқан жоқпын. Қарызға алып жатқан жоқпын. Мен өзімнің шартымды түсіндіріп айттым. Өзімнің шартыма көнсе, төлейді.

«Ешкімді алдаған жоқпын» деген басшы жұмыс болып қалады дегенімен, оған сенуден қалғандар полиция шақырды. «Алдандық» дегендер компанияны түгел тексеруді талап етіп, сот арқылы бергенін қайтарып алсақ болды деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде