{metadescription}
Қытайдан шыққан "Ланье" генипавирусы көртышқаннан жұғып жатыр
Қытайдан шыққан "Ланье" генипавирусы көртышқаннан жұғып жатыр

Қытайдан шыққан "Ланье" генипавирусы көртышқаннан жұғып жатыр

Қытайдан тағы жаңа вирус шықты. "Ланье" деп аталатын генипавирус адамдарға көртышқан арқылы жұғып жатыр. Әзірге елімізде бұл індетті жұқтыру дерегі тіркелмеген. Бірақ қазірдің өзінде әлем ғалымдары алаңдап отыр. Өйткені індет ошағы саналатын Қытайда қазірдің өзінде кесел 35 адамнан анықталған.

Дертке шалдыққандарда дене қызуы көтеріліп, шаршау мен жөтел пайда болады және жүрегі айниды екен. Індеттің таралу қаупіне қатысты сарапшылардың пікірі мынадай:

«Ланье» вирусын әлем ғалымдары осыдан төрт жыл бұрын анықтаған. Алғашында ол жануарлар арасында тараса, қазір адамға көртышқаннан ға жұға бастады. Бұған сарапшылар алаңдап отыр. Өйткені коронавирустың да бізге жарқанаттан жеткені мәлім.

Дмитрий Еделев, медицина ғылымдарының докторы:

- Қытайлар жеуге болмайтын жарқанат пен көртышқанның да етін жеуді дәстүрге айналдырған. «Ланье» – жарқанаттың жақын туысы саналатын көртышқандардан жұғуда. Әзірге оның қаншалықты қауіпті болатынын дөп басып айта алмаймыз. Барлығы да мутацияға ұшырауына байланысты. Өйткені Ковид-19 ертеректе пайда болғанымен, 2020 жылы мутацияға ұшырап, алты құрлыққа ауыз салды емес пе?

Генипавирусқа қазір Қытайда 35 адам шалдыққан. Қайтыс болғандар жоқ. Індеттің адамнан адамға жұғу, не жұқпауы әзірге белгісіз. Бүгін Ковид-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өкілдері елімізде аталған дертпен тіркелгендер жоқ екенін мәлімдеді. Дегенмен сарапшылар жаңа вирус түрін елімізге келмейді деп кесіп айтуға болмайды деп отыр. 

Тимур Салиев, Б. Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтының директоры:

- Қазір вирусқа қатысты кез келген ақпарат дүрбелең тудыруы мүмкін. Өйткені барлығымызда коронавирустан кейін қорқыныш бар. Бірақ бұл вирус адамнан адамға жұғатыны әлі анықталмаған. Соның өзінде Қытай  барлық қауіпсіздік шарасын жасап жатыр деген ойдамыз. Сондықтан әзірге қауіптенуге еш негіз жоқ.

Мамандардың айтуынша, әзірге дүрбелең тудыруға әлі ерте. Сондай-ақ, әдеттегідей, санитарлық талаптарды қатаң сақтауды сұрайды. Өйткені кез келген дерттен қорғанудың алғашқы жолы осы. Бұған қоса ауру анықталып жатқан елдерге саяхаттамау керек деп ескертеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.