{metadescription}
Су көлігімен саяжайға тасымалдау тоқтатылуы мүмкін – Орал
Су көлігімен саяжайға тасымалдау тоқтатылуы мүмкін – Орал

Су көлігімен саяжайға тасымалдау тоқтатылуы мүмкін – Орал

Оралда су көлігі арқылы саяжайға тасымалдау тоқтатылуы мүмкін. Әкімдік бұл қызмет түрін ұсынған фирмаға субсидия беруге уәде еткен екен. Алайда көмекке қаржы дер уағында түспей, серіктестік тығырыққа тіреліп, жұмысшыларына жалақы төлей алмай қалған.

Бұл жағдай саяжайда тұратын халыққа да оңай соқпайтын түрі бар. Өйткені олар судың арғы бетіне өте алмай, еккен өнімдері жарамсыз болып қалғалы тұр.

Екі саяжайға қызмет көрсететін жалғыз теплоход арқылы күніне жүздеген адам өзенді кесіп өтеді. Арғы бетке машинамен қатынауға болады. Бірақ жол қашық. Сондықтан көпшілікке Жайықты кесіп өту тиімді. Алайда оның өзі жуырда тоқтатылуы ықтимал.

Владимир Визгалов, капитан-механик:

- Көңіл күй жоқ. Капитан хабарласып, 15-ші күні жұмысты тоқтататын шығармыз дейді. Көнеміз де, басқа не істей аламын.

Тасымалдаушы компанияға бюджеттен субсидия берілуге тиіс екен. Өткен жылы да мердігер көмек қаржыны тек жылдың соңында әзер алып, әбден қиналған көрінеді. Бұл жолы тағы да тығырыққа тірелмес үшін серіктестік қызмет көрсетуден бас тартқан. Бірақ әкімдік фирманы жұмысын жандандыруға қайта көндіріпті. Сөйтіп керек қаржыны береміз деп уәде еткен. Алада шенділер сөзінде тұрмаған. Енді тасымалдушылар жұмысқа шықпаймыз деп отыр. Бұл жағдай саяжайлықтардың да жүйкесін тоздырған.

Людмила Зибарева, зейнеткер:

- Олар бас көтеріп жатыр. Ал біздің еккен өнімдерді теріп алатын уағымыз келді. Уайымдай бастадық. Мен мұны мазақ қылу деп есептеймін. Жасым 66-да. Мен сияқты зейнеткерлер көп. Көкөністерді базарға апарып пайда көрсем деймін. Енді ол да тоқтайтын болды.  

Бұған дейін де субсидиясы әбден кешігіп аузы күйген тасымалдушы компания басшысы бұл жолы «шыдамым шегіне жетті» дейді. Фирма директоры шенділердің соңынан жүгіргенше, басқа кәсіппен айналысқаным мың артық деп отыр. Бірақ әкімдікке ерегесіп, адамдарға қиянат қылуға қорқамын дейді.

Әлібек Жанғазиев, «Орал Флот Сервис» ЖШС директоры:

- Шенділердің түгі кетпейді. Олар қаладағы арзан жерінен, немесе таныс арқылы өздеріне керек көкөністерін төмен бағамен ала алады. Ал тығырыққа тірелетін саяжайлықтар. Еккен өнімдері жаппай пісіп жатыр. Базарға жеткізе алмасабәрі жарамсыз болады. Әрине, одан кейін қымбатшылық болады.

Ал атқамінерлер «ешқандай мәселе жоқ» деп жайбарақат отыр. Сөздерінше, көмекқаржының кешігуіне құжаттарды рәсімдеу кедергі болған. Жоба бірнеше мәрте өзгеріп, енді қарауға жіберіліпті.

Алмаз Ахошев, Орал қаласы ТКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Қаулы жобасын тіркеу үшін әділет министрлігіне жолданғанын хабарлаймыз. Әділет министрлігінен аталған қаулы қабылданатын болса, субсидия төленетіндігін қосымша мәлімдейміз.

Тасымалдаушы фирма мен саяжайлықтарға шенділердің сөзіне сенуден басқа амалы жоқ. Осылайша наразы жұрт билік өкілдеріне мәселені шешуге тағы бес күн уақыт берді. Егер уәде орындалмаса, облыс әкімдігі алдына барып айғаға басамыз дейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде