{metadescription}
Автокөлік жөндеу бекетін есірткі сататын қоймаға айналдырған – Қарағанды
Автокөлік жөндеу бекетін есірткі сататын қоймаға айналдырған – Қарағанды

Автокөлік жөндеу бекетін есірткі сататын қоймаға айналдырған – Қарағанды

Қарағандыда 37 жастағы ер адам автокөлік жөндеу бекетін есірткі сақтап сататын қоймаға айналдырған. Тінту кезінде 24 келі гашиш пен 200 келіден астам марихуана табылды.

Автокөлік жөндеу бекеті қаланың қақ ортасында орналасқан. Сырт көзге білдірмес үшін әр жерге көлік дөңгелектері мен қосалқы бөлшектерді шашып қойыпты. Бірақ бұл жерде ешкім көлік жөндеп жатпаған.

Бекетті жалға алушы тауарын тасымалдау үстінде ұсталды. Кейіннен қоймаға тінту жүргізгендер ірі көлемдегі есірткіге тап болды. 24 келі гашиш пен 200 келіден астам марихуана пакеттер мен қаптарда сақталған екен. Полицелер енді оның сыбайластарын іздеп жатыр.

Бақытжан Құдияров Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:

- Күдікті азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүргізілуде. Жоғарыда аталған баптың санкциясына сәйкес, күдіктіге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.