{metadescription}
Қантты халыққа емес, таныстарына сатқан – Қостанай облысы
Қантты халыққа емес, таныстарына сатқан – Қостанай облысы

Қантты халыққа емес, таныстарына сатқан – Қостанай облысы

Халыққа емес, таныстарына сатқан. Қостанай облысында шенеуніктер қант қымбатшылығын қолдан ұйымдастырған. Ел қамын ойлауға тиіс ақ жағалылар тек қалтасының қамымен жүріпті.

Қостанай облысының әкімдігі мен «Тобыл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жымысқы әрекетін бірлесіп жүзеге асырған. Олар өңірдегі шекердің тапшылығын шешудің орнына, қордағы қантты өз таныстарына арзан бағаға сатыпты. Кәсіпкерлер де қарап қалмай жомарттық танытқан. 420 теңгеден құмшекер сатып алған олар шенеуніктерге ауызбастырық ретінде 500 келіге дейін қант үлестірген. Кейін кеткен шығынды өте үшін тиісті 10 пайыздың орнына 100 пайыз үстеме қосып халыққа сатқан. Қазір күдіктілерге қатысты тергеу басталды. А, тәркіленген қант тұрақтандыру қорына түгел қайтарылған.  

Айгүл Мырзахметова, Жемқорлыққа қарсы агенттіктің Қостанай облысы бойынша алдын алу басқармасы бастығының орынбасары:

- Тұрақтандыру қорының қойма меңгерушісінің жеке гаражын тексерген кезде 900 келі қант табылып тәркіленді. Алынған қант тұрақтандыру қорына қайтарылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде