{metadescription}
Оралдық кәсіпкерді өлтірген күдікті екі әйелі барын айтып бостандық сұрады
Оралдық кәсіпкерді өлтірген күдікті екі әйелі барын айтып бостандық сұрады

Оралдық кәсіпкерді өлтірген күдікті екі әйелі барын айтып бостандық сұрады

«Екі әйелім бар» деп, бостандық сұрады. Оралдық кәсіпкерді асқан жауыздықпен өлтірген күдікті судьядан тергеу аяқталғанша еркіндікте жүруін сұрады. Бүгін жергілікті кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтірген екі айыпталушыға бұлтартпау шарасын анықтау бойынша сот отырысы өтті.

Тергеуші 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелдіні екі айға қамауға алуды сұрады.  Тергеу барысында Қожантаев кафенің ішінде кәсіпкердің мойын мен кеуде тұсына кемі үш рет пышақпен соққы жасағаны белгілі болды.  Ашық терезеден секіріп сыртқа қансырай қашқан азаматты құлатып, бірнеше рет тепкен. Онымен тоқтамай, Қожантаевтан Амангелді суық қаруын алып, тағы да алты рет ұрады. Алған жарақаттан Мұханғалиев тілге келмей қаза тапты.

Руслан Қожантаев тергеу дәлелімен келіспей, екі әйелі барын, бірі екі айдан соң босанатынын алға тартып, сотқа дейін босатуды сұрады. Ал Тұрлан Амангелді қылмысқа Қожантаевтың қысымымен барғанын айтып ақталуға тырысты. Судья күдіктілердің куәгерлерге қысым көрсетіп, тіпті қашып кетуі мүмкін екенін ескере отырып, екі ай қамауға санкция шығарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде