Үй сатып алу биыл 35 пайызға төмендеген, себебі ...
Елде баспана саудасы төмендеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, үй сатып алу былтырғымен салыстырғанда, биыл 35 пайызға төмендеген. Осы жылы 30 мыңнан астам отандасымыз жылжымайтын мүлікті сату және сатып алу мәмілесін жасапты.
Автор: Салтанат Шырынхан
11.08.2022
Мамандар тұрғын үй нарығының құлдырауына зейнетақы қорындағы шекті сома мөлшерінің екі есеге өсуі себеп дейді.
Назгүл Смағұлова, Жылжымайтын мүлік агенттігінің қызметкері:
- Былтыр жеткілікті мөлшер шегі 3 миллион 600 мың болған. Биыл 6 миллион 200 мың. Қорда жиғанымызды ол сомадан аспаса, қолдана алмаймыз. Ипотекалық несиенің пайыз мөлшерлемесі дейміз гой. Ол қазір 17-18 пайыз. Ол мүмкіндік ешкімде жоқ. Өйткені үйдің 2030 пайызын жинайды. 30 миллионның 6 миллионын құйғанның өзінде 20 пайыз. 24 миллионды жанағы несиеге алу керек. Сол 24 миллионның өзі ай сайын 18 пайызбен 350-450-ге дейін шығады. Мұндай мүмкіндік әр адамда жоқ.
Баспана саудасы алып шаһарлармен қоса, аймақтарда да айтарлықтай азайған. Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының әрқайсында үйді сату және сатып алуда 4 мыңнан аса мәміле жасалыпты.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау және Алматы облыстарында жылжымайтын мүлікке деген сұраныс 20 пайызға да жетпейді.
Азаматтардың 70 пайыздан астамының таңдауы көпқабатты тұрғын үйлерге түскен. Әсіресе екі бөлмелі пәтерлердің саудасы жоғары, шілдеде 8500 мәміле тіркелген.
Жеке үйлерге жасалған транзакция 30 пайыз. Мамандар тұрғын үй нарығы құлдырамас үшін мемлекеттен берілетін көмек дұрыс болса дейді. Яғни ипотекалық несиелендіруге субсидия бөлініп, пайыздық мөлшерлемені азайтуды сұрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!