{metadescription}
Мониторинг: ҚұзПУ жатақханаларының тозығы жеткен
Мониторинг: ҚұзПУ жатақханаларының тозығы жеткен

Мониторинг: ҚұзПУ жатақханаларының тозығы жеткен

Сыз тартқан бөлмелер, өріп жүрген тарақандар. Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматыдағы жоғарғы оқу орындарына тиесілі жатақханаларда Жастар саясаты басқармасы мен еріктілер мониторинг бастады. Алғаш кірген жатақхананың сиқын көріп, комиссия мүшелері жағасын ұстады. 

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне қарасты жатақханада студенттерге мүлдем жағдай жасалмаған. Жатақханадағы шомылатын бөлмелері сыз тартып, дәлізде жәндіктер өріп жүр. Ал басым көпшілігінде өрт қауіпсіздігі ескерілмеген.

Қазақстанда тек аруларға арналаған жалғыз жоғары білім ордасына қарасты жатақхананың күйі осындай№3 жатақханадағы шомылатын бөлменің іші әбден ластанған. Қолқаны қабатын сыздың иісінен шыдай алмайсың. Жуынатын кабиналардың есігі жоқ,  пердемен де қалқаланбаған, тарақандар да торып жүр.

Тозығы жеткен ғимаратта жылда 300-ге жуық студент тұрады, әрқайсысы 10 мың теңге төлейді екен. Қазақ қыздарының шамшырағына айналған білім ордасындағы проблемалар мұнымен шектелмейді. Оқу корпустарындағы өрт қауіпсіздігінде де кем-кетік бар.

- Мына жерде пломба болу керек.

- Біз қазір закупкада тұр. Келеді, қызмет жасайды.

- Бұл университет жұмыс істейді ғой, иә? Сондықтан қауіпсіздік үшін деп жатқаным ғой.

- Че то бұл тексеру болып кетті ғой.

Биыл бұл білім ордасына 2 мыңға жуық студент мемлекеттік грантпен түскен. Жатақхана саны жалпы тоғыз болса, оның төртеуі осындай  күйде.  Барлығына 3мыңға жуық қыз тұрады. Оқу орнының проректоры келесі жылы 500 студентке шақталған жаңа студенттер үйін соғамыз дейді. Ал тозығы жеткен №3 жатақхананы қайта құруға уақыт керек дейді.

Жанар Рысбекова, ҚазҰҚПУ Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры:

- Жаңа жатақхана соққалы жатырмыз. Студенттердің асханасын бұзып, мүмкіндігінше демеуші тағайындап, басқа да қаражат іздестіріп, қазір осы мекемені қайта жасағалы жатырмыз. Осы жылы үлгерген жоқпыз. Себебі, қаражат бір күнде шешілмейді. Мемлекет тарапынан ақша берілгеннің өзінде де, оны алу, жарату деген сияқты, біраз уақыт керек.

Қаламыздағы жоғары білім ордасынан олқылық анықтаған – Жастар саясаты басқармасы мен еріктер. Айтуларынша, университеттердің  басым бөлігінде санитарлық талап сақталмайды.  Алматыда 36 жоғарғы оқу орны болса, жатақхананың саны – 95. Бүгіннің өзінде 7 университетті тексеріп, кемшіліктерді анықтаған басқарма бір аптаның ішінде шаһардағы барлық білім ордасына мониторинг жүргізек.

Жұлдыз Жорабек, Жастар саясаты басқармасының бас маманы:

- Мониторинг мақсаты – студенттердің, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Санитарлық нормаларға қажеттілігк бар ма, жоқ па, оларға ыңғайлы ма, ыңғайлы емес пе, соны анықтау. Студенттердің жағдайына мониторинг жасау. Шара қолдану деген біздің құзыретімізге кірмейді. Бірақ біз  ұсынысымызды айтып, жөнделмеген жағдайда, әкімге ұсыныс ретінде кіргіземіз.

Күз жақындаған сайын студенттер паналайтын орын іздеп тыпыршып жүр. Шамасы келгендер бағасы ышқынып тұрған пәтер жалдайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде