Досаев: Алматыда көпқабатты автотұрақтар пайда болады
Алматыда жақын уақытта көпқабатты автотұрақтар пайда болады. Қала әкімімен кездесуге келген Әуезов ауданының тұрғындары алматылықтарды алаңдатқан басты мәселенің шешімін төтесінен сұрады.
Автор: Асқарбек Қазанғап
11.08.2022
Бұл проблема халық көп шоғырланған ауданда жылдан жылға ушықса да, шешімін табар емес. Көше бойы мен үйлердің ауласы көліктерге лық толы. Тіпті жедел жәрдем, өрт сөндіру көлігі өте алмай жатады. Айта-айта жауыр болған тақырыпқа мегаполис басшысы тың көзқараспен қарайды екен. Ерболат Досаев жуырда көпқабатты тұрақтың жобасы дайын болады деп сендіріп отыр.
Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:
- Біз көпқабатты тұрақ салудың бағдарламасына дайындықты бастап кеттік. Тұраққа жалға берілген жер көп. Олардың қожайындарына талап қоямыз. Бес қабатты автотұрақ салсақ, ол жерге 500 көлік сыяды. Осылайша аулаларды босатамыз. Жыл аяғына дейін осы жобамен таныстырып, 2023 жылы инвесторлармен келіссөз бастаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!