Автобус емхананың қоршауын бұзып кірді – Қарағанды
Қарағандыда жолаушылар автобусы емхананың қоршауын бұзып кірді. Апатта зардап шеккен кейуанағасол жерде медициналық көмек көрсетілді.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
11.08.2022
Автобустың қоршауды бұзып өтуіне БМВ көлігі себеп болған. Қатты жылдамдықпен келіп бұрылғанда, оны қарсы бағытқа лақтырған екен. Автобус оның жүк салғышын соғып барып, басқа көліктерді ұрмас үшін оңға қарай бұрыпты. Соның салдарынан қоғамдық көлік жақында ғана ашылған емхананың жаңа қоршауын талқандап тастады. Автобустың да тұмсығынан түк қалмаған. Қоршаудың іші-сыртындағы тротуарда жаяу жүргіншілер болмаған.
Марина Терещенко оқиға куәгері:
- Есіктің алдында бір әжей тұрған. Ол кісі ұшып түсті. Қатты құлап, есінен танып қалды. Оны мына емхананың дәрігерлері тездетіп алып кетті. Ал мен терезе сынған жерде отырғанмын. Әйнектің үгітіндісі мойныма құйылды. Соққыдан арғы орындыққа құладым. Дәрігерге көрінетін шығармын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!