Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымыман босатылды
Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымыман босатылды. Бұл туралы облыс әкімдігі мәлім етті. Істі боп жатқан бұрынғы атқамінердің қызметінен алынуы Президент әкімшілігімен келісілген.
Автор: Руслан Әбдіхалық
11.08.2022
Бүгін Хаменова мен оның сыбайластарына қатысты сот отырысы басталды. Айыпталушылар тізімінде бұрынғы Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пен «Балқыту» фирмасының директоры Өміртай Адамов бар. Екі шенеунік пара алғаны үшін жазықты болып жатса, компания директоры ауызбастырық бергені үшін жауапқа тартылуда.
Еске салсақ, Хаменова мен Рысқалиев Абай Құнанбайұлының ескерткішін орнатқан серіктестіктен 4 жарым миллион пара алды деген күдікпен ұсталған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!