{metadescription}
Мас әйел бес айлық баласын көшеге тастап кеткен – Ақтөбе
Мас әйел бес айлық баласын көшеге тастап кеткен – Ақтөбе

Мас әйел бес айлық баласын көшеге тастап кеткен – Ақтөбе

Ақтөбеде мас келіншек бес айлық баласын көшеге тастап кеткен. Шырқырап жылаған сәбиді тұрғындар тауып алып тәртіп сақшыларына табыстапты. Бірнеше сағаттан соң табылған анасы бөбегіне «тамақ алуға кеттім» деп ақталып отыр.

Қарлығаш Барлықова, учаскелік инспектор:

Ол түнде дүкен іздеп тамақ алуға бара жатқанын айтқан. Баласын жаңағы жерге тастап кеткен.

25 жастағы келіншек жұмыс істемейді. Баласымен екеуі тұрады. Сол күні құрбыларымен кездесіп, отырған жерінде бөбегін тастап жүре берген. Ұлының жоқ екені кейін есіне түсіп, өзі де полицейлерден көмек сұрапты.

Қазір бүлдіршін «Үміт» сәбилер үйінде. Дәрігерлер денсаулығы жақсы екенін айтады. Ал мас болып баласына жөнді қарамаған келіншектің ісі арнайы комиссияның отырысында қаралады. Бөбегін қайтып беру-бермеу мәселесін сондағылар шешеді.

Гүлбарам Нұрпейісова, «Үміт» сәбилер үйінің аға тәрбиешісі:

Негізі дені сау, емшек емген бала. Күтім көрген сияқты. Таптаза, ешқандай жарақаты жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде