Елімізде төрт зауыт қантты заңсыз сатып, шетел асырған
Бәріне кінәлі – өндірушілер. Елдегі қанттың жетіспеушілігіне басты себеп осы дейді шенеуніктер. Бүгін үкімет отырысында қат болған қанттың мәселесі тағы көтерілді.
Автор: Елдос Есенбол
12.08.2022
Монополистер елдегі тәттінің көп бөлігін сатып алып, бірақ оны көтерме бағамен сататын сауда өкілдеріне сатпаған. Осылайша қолдан тапшылық жасап, бағаның шарықтағанын күтіп отырыпты. Жылмысқы жоспар жүзеге асқан.Нарықтағы бағасы 420-450 теңгеден аспауы тиіс шекердің келісі қазір 800 теңге. Ал қаражаттың жетіспеушілігін, шикізаттың тапшылығын алға тартқан отандық өндірушілер қажет көлемдегі сұранысты өтей алмаған. Көршіліс Ресейдің қант экспортына тыйым салуы да бағаның өсуінің бір себебі. Ол жақтағы шектеу осы айдың аяғына дейін жалғасады.
Сонымен қатар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі елдегі төрт зауыттың қантты заңсыз сатқанын анықтады. Ереже сәйкес, олар шекерді тауар биржасы арқылы сатуға тиіс болған. Бірақ өндірушілер міндетін орындаудан жалтарып, тәттіні шетке асырыпты. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін Үкімет басшысы бүгін нарықтағы бақылауды күшейтуді тапсырды.
Нұржан Садырбаев, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз хатшысы:
- Қанттың өсуін бақылап отырмыз. Агенттік тарапынан бақылап, жалпы нарыққа талдау жүргізіп, 18 хабарлама шығардық. Яғни 18 ескерту осы ұйымдарға, қантқа байланысты. Қазір арнайы тергептексеру жүріп жатыр. 8 акті «Комплайнс», 8 ұйыммен келісім-шартқа отырдық. Олар бағаны өсірмейді деген келісім бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!