{metadescription}
Эпидахуал: Елорда «сары аймақтан» шықты
Эпидахуал: Елорда «сары аймақтан» шықты

Эпидахуал: Елорда «сары аймақтан» шықты

Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус таралу қаупі бойынша «сары аймақтан» шықты. Осылайша елімізде қазір барлық өңір «жасыл» деңгейде. Бұл көрсеткіш эпидемиологиялық ахуалдың біршама тұрақталып келе жатқанын аңғартады. Оған сандар да дәлел. Соңғы тәулікте індет 1643 адамнан анықталып отыр.

Бұл өткен аптамен салыстырғанда бір жарым есеге аз. Ал коронавирус  пневмониясын 18 адам жұқтырды.

Алайда дәрігерлер арқаны кеңге салуға әлі ерте дейді. Өйткені тамызда ауру өршиді деген болжам жасаған олар сақтық шарасын қатаң сақтауды сұрайды. Өйткені елорда коронавирус таралуда қауіптілігі орта деңгейден «жасылға» ауысқанымен, кесел жұқтырғандар бойынша әдеттегідей көш басында. Мұнда бір тәулікте Ковид-19-бен 375 тұрғын тіркелді.

Алматы қаласында 200-ге жуық адамның қанынан вирус анықталып отыр. Павлодар, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында дерт жұқтырғандар саны жүздің үстінде.

Ең төменгі көрсеткіш Шымкент қаласы мен Алматы облысында. Екі өңірде де бір күнде індет 13 тұрғыннан табылған.

Жалпы алты құрлыққа ауыз салған ауруды елімізде 1 млн 375 мыңға жуық адам жұқтырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде