Қазгидромет: Сары күздің салқын лебі келді
Сары күздің салқын лебі келеді. Ертеңнен бастап теріскейде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен күн салқындап, жауын-шашын күтіледі.
Автор: Салтанат Шырынхан
12.08.2022
Салқын ауа ағымы республикамыздың барлық аумағына таралады. Тек батыста ғана ыстық сақталады. Онда сынап бағамы +40 градусты көрсетеді. Сондай-ақ Қазгидрометтің мәліметінше, фронталь бөліктер орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарға қарай ауысады. Яғни аталған өңірлерде жаңбыр мен бұршақ жауып, күн күркірейді. Қатты жел болуы ықтимал. Сынап бағамы солтүстікте күндіз +30 градустан 23 градусқа дейін төмендейді. Түнде плюс 10-12 градус шамасында болады. Ал орталықта +22 мен 33 градусты көрсетсе, шығыста +28, оңтүстікте +32 градус жылы болмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!