{metadescription}
Қазақстандық сәби қымбат шетелдік дәрінің кері әсерінен қайтыс болды
Қазақстандық сәби қымбат шетелдік дәрінің кері әсерінен қайтыс болды

Қазақстандық сәби қымбат шетелдік дәрінің кері әсерінен қайтыс болды

Бір дозасы 2 миллион доллар тұратын швейцариялық Novartis фирмасының Zolgensma препаратын қабылдаған қазақстандық сәби қайтыс болды. Арқа бұлшықеті атрофиясын емдеуге қолданылатын әлемдегі жалғыз дәріден бір жасар баланың бауырына салмақ түскен.

Мамандар: «Препарат баланың салмағына қарай есептеп салынды және күнделікті жағдайын бақылауда ұстадық» дегенмен, 16-мамыр күні баланың демі үзіліпті. Шетелдік әріптестермен бірлесе сараптама жүргізген денсаулық сақтау министрлігі сәби қымбат дәрінің кері әсерінен бақилық болғанын енді растады.

Алтынгүл, анасы:

- Дәл 13-мамырда аяғын басты, сол уколдан кейін. Басын ұстады, аяғын басты. Кішкене дауысы шықты. Он төртінен бастап ауырды. 15-і күні ауруханаға апардым. 16-ы күні балам шетінеп кетті.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде