Премьер-министрдің орынбасары Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылды
Қатаң сөгістен кейін көп отырған жоқ. Сауда және интеграция министрі әрі премьер-министрдің орынбасары Бақыт Сұлтанов қызметінен босатылды.
Автор: Елдос Есенбол
15.08.2022
Елдегі азық-түлік бағасына жауапты Сұлтанов өткен айда ғана президенттен сөз естіген болатын. Бірақ ең болмаса қанттың да мәселесі сол күйі шешілген жоқ. Сұлтановпен бірге әріптесі, вуыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев те қатаң сөгіс алған еді.
Сауда және интеграция министрлігін енді уақытша Серік Жұманғарин басқарады. Бүгінге дейін Бәсескелесітікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болған Жұманғарин вице-премьерлікті де қоса атқарады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!