Қарағанды облысында демалыс күндері үш ірі көлік апаты болды
Қарағанды облысында өткен демалыс күндері үш ірі жол-көлік апатынан 4 адам қаза тапты. Жолдағы адам өлімінің жиілеуінен өңір полицейлері кезекшілікті күшейтетін болды.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
15.08.2022
Топар кенті маңында Минивен жодың қарсы бағытына шығып, Ладамен бетпе бет соқтығысқан. Соның салдарынан 49 жастағы жеңіл көлік жүргізушісі тіл тарпай өліп кетті. Тағы екі адам Ақсу Аюлы ауылына жете берісте аударылған БМВ көлігінде жан тапсырыпты.
Ал Қарағанды Балқаш тас жолында Газель жүк көлігімен бетпе бет соқығысқан Лексустың жүргізушісі қаза болды.
Осы үш жол көлік апаты бойынша тергеу басталды. Жалпы Қарағанды облысы соңғы уақытта жол көлік апатынан елде көш бастаған. Енді тәртіп сақшылары жолдардағы бақылауды күшейтіп, патрульдік экипаж санын арттырамыз деп отыр.
Ерлан Файзуллин, Қарағанды облысы ПД бастығы:
- Жолкөлік апаттарының көбі Қарағанды - Балқаш, Балқаш - Сарышаған бөліктерінде тіркеліп жатыр. Қарағандыдан Балқашқа баратын жолда қозғалыс тығыз. Оның үстіне жолда жүргізушілер бірбіріне құрметпен қарамайды. Апаттардың 40 пайызы жылдамдықты асырудан болады. Қарсы бағытқа шығып кету көбіне адам өлімімен аяқталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!