Аутизмге шалдыққан 12 жастағы Темірлан жоғалып кетті – Өскемен
Өскеменде екі күн бұрын жоғалып кеткен 12 жастағы бала шұңқырдан табылды. Темірлан Ахмеджанов дін аман. Жеткіншекті облыстың бүкіл жедел әрекет ету қызметтері мен еріктілер қосылып, дамыл таппай іздеген болатын. Ол өзінің ауданынан алысқа ұзамапты. Титан-магний комбинатының маңындағы шұңқырға түсіп кетіп, көмекке де шақырмай жата беріпті.
Автор: Ұлан Нұрахмет
15.08.2022
Аутизмге шалдыққан бала сенбіден жексенбіге қараған түні саяжайдан шығып кеткен болатын. Оны іздеуге 500 -ден астам адам жұмылдырылды. Олар өзен жағалауынан бастап қуыс-қуысты түгел шарлады. Тіпті, квадрокоптер ұшырып іздеген еді. Сөйтсе, жеткіншек шұңқырдың ішінде жатқан екен. Құтқарушылар бірнеше күн далада жатып қалған Темірлан Ахмеджановты анасына тапсырмас бұрын, алдымен дәрігерлерге тексерту үшін ауруханаға алып кетті. Анасының айтуынша, ұлы осымен бесінші рет беті ауған жаққа кетіп қалып, табылып отыр.
Олеся Волкова, Т.Ахмеджановтың анасы:
- Ұйқыдан тұрсам, балам жоқ. Есікті ашып кеткен. Осымен ол бесінші рет жоғалып отыр. Ешкім өкпелетпеді. Баланың сырқаты бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!